• Өндіріс
  • 18 Ақпан, 2016

СОЛТҮСТІКТЕГІ СЕРПІНДІ ҚАДАМДАР

Екінші бесжылдықта жобалар саны екі есеге артады

Солтүстік Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық бағдарламаның бірінші бес жылдығындағы 32 жоба 1400 адамды жұмыспен қамтыды. Ал екінші бесжылдықта мұндай іскер жобалар саны екі  есеге артатын болады.

Бұл туралы Елордада өткен орталық комму­ни­кациялар қызметіндегі баспасөз мәсли­ха­тында СҚО әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.
«Астық тасымалдайтын вагондар, пласти­калық құбырлар, мұнай ұңғымалық сорғыларын шығару және басқа да өндірістер игерілді. Жалпы өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласындағы өсім қарқынында облыс республикада 6-орынды иеленді», – деді өңір әкімі.
«Атап айтқанда, «ҚАЗТЕХМАШ» машина құрылысы зауытының ашылуы облыс үшін үлкен оқиға болды. Кәсіпорын жемшөп дайындайтын 59 техника, сондай-ақ, SAMPO ASIA маркалы 46 комбайн шығарды. Оның 22-сі егін орағы науқанына қатысты», – деп тоқталды Е.Сұлтанов.
Сонымен қатар ол Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында тез дайындалатын тағамдар шығаратын бірегей кәсіпорын іске қосылғанын, бүгінде фабрика тағамның 25 түрін өндіріп жатқандығын еске салып өтті.«Бұрындары осы өнім Ресейден импортталатын еді. өнімдермен облыс өзін толықтай қамтамасыз ете алады. Өнімнің бір бөлігі бүгінде эскпортқа бағытталуда, – деді ол.
Мұнымен қоса, СҚО-да қазіргі кезде қант зауытының құрылысы жүріп жатыр. Сарап­шылардың айтуынша, екінші бесжыл­дықта жобалар саны екі есеге артады. Бұл тұрғыда 100 млрд. теңгенің 60-тан астам жобасы қамтылмақ. Осының ішінде 15-і өткен жылы іске қосылды.

Ибрагим Бекмаханұлы

483 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы