• Өндіріс
  • 24 Ақпан, 2016

ЕРЕЙМЕНТАУ КІРПІШ ЗАУЫТЫ екі қолға бір күрек тауып беріп отыр

Ақмола облысының Ерейментау ауданында жақында ғана іске қосылған кірпіш зауыты алғашқы өнімдерін шығара бастады. Кәсіпорын жылына 50 млн дана кірпіш шығаруға қауқарлы.

Жаңа жылдың міндеттерін орындауға бір кісідей жұмылған зауыт жұмысшылары  қазірдің өзінде кірпіштің 4 млн. данасын дайындады. Өнідіріс орнында қазір 240 адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Ал зауыт өнімі Астана қаласы мен жақын маңайдағы облыстарға жеткізіледі.
Кәсіпорынның алғашқы адымы көңіл қуантарлықтай. Өнім сапасы да тұтынушыларды қатты қызықтырып отыр. Алдағы уақытта зауыт жұмысшылары осы қарқыннан таймаса, өз өнімдерін экспортқа көптеп шығаруға зор мүмкіндік алмақ. Зауыт өндірісінде осы межені алудың барлық қам-қаракеттері жасалуда.
– Біздің шикізат іргедегі «Сарыадыр» кенішінен алынады, – дейді ауысым бастығы Александр Михайлов. – Ол жерде бізге қажетті компоненттердің барлығы бар. Сондықтан қосымша шығын жоқ. Бұл, әрине, өнімнің өзіндік құнына оң әсер етеді. Экспортқа келсек, жақында біз Ресейдің Орал өңіріне алғаш рет кірпіш саттық. Бұл жұмыс бұйыртса, жалғасын табады. Мақсат – дағдарысқа дес бермеу.

Ибрагим Бекмаханұлы

881 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы