• Өндіріс
  • 02 Наурыз, 2016

ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРГЕН ЗАУЫТ экспорттың әлеуетін арттыруда

Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыштар зауыты әлемде болып жатқан экономикалық күрделі кезеңге қарамастан, өнім шығару көлемін бірнеше есеге арттыра түсуде. Соның нәтижесінде биыл еңбек өнімділігі 20-22 пайызға, ал өнімді сату 20 пайызға көбеймек.

Кәсіпорын биылдан бастап экстракциялы фосфор қышқылын шығаратын жаңа өндірісті іске қосқалы отыр. Өндірісте өз ісіне жетік мамандар өсіп шықты. Солардың бірі – Мекембай Сәрсенбаев минералды тыңайтқыштар зауытында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол шикізатты араластырып, кептіретін жетекші бөлімде аға аппаратшы болып жұмыс істейді. Өнімнің сапасы мен көлемін қадағалап, дайын өнімді қаптау бөліміне жіберу тәжірибелі маманның қолы арқылы өтеді.
Зауыт ұжымы былтырдың алғашқы екі айында 21 мың тонна өнім шығарды. Ал биыл бұл көрсеткіш  одан да жоғары еселене түсті.  Әзірге кәсіпорын  2 мың тонна өнімді көрші Қытай еліне жіберіп, 164 тоннасын Қазақстан нарығына жөнелтілді. Қалған өнімдер арнайы қоймаға жиналып жатыр. Мамандар маусым кезінде сұраныстың едәуір көлемде арттатындығын алға тартады. Райымбек Дияшов, цех басшысы: 
– 2015 жылы біздің өнімдерімізді Украина, Беларусь, Ресей сынды елдер аса ықыласпен алды. Биыл 2 мың тоннасын  Қытайға жөнелт­кеніміз де дұрыс болды, – дейді цех бастығы Райымбек Дияшов.
Айтса айтқандай, зауытта өндірілетін ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштар құраманың 37 пайызы күкірт қышқылынан тұрады. Зауытта оны өздері өндіру мүмкіндігі бар. Соның арқасында мұнда шикізат екі еседей арзанға түседі. Өндіріс орны жанынан мұнан бөлек қазір экстракциялы фосфор қышқылы цехының құрылысы жүріп жатыр. Ол биыл аяқталады. Бұл құрылысқа  компания өзінің 8 миллиард теңгедей қаржысын жұмсап отыр.
Минералды тыңайтқыштар зауытының директоры Төлепбек Исаевтың айтуынша, күкірт қышқылы цехының қуаттылығы 650 мың тонна болады. Екінші жартыжылдықтан бастап, өнім 1,5 есеге көбейеді. Жыл соңына дейін 226 мың тонна минералды тыңайтқыш шығару межеленуде. Алдағы 2017 жылы  зауыт толық күшіне енеді. Өндірістің осылайша өркендеуі жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік бермек. Аталмыш цехтың іске қосуылуына орай тағы 50-60 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Ибрагим Бекмаханұлы

642 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы