• Өндіріс
  • 16 Наурыз, 2016

БАҚЫРШЫҚТАҒЫ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР

Кеншілердің жұмысын жеңілдететін  болады

Шығыс Қазақстан облысындағы Бақыршық кен өндіру кәсіпорнында жүк көтергіштігі 136 тоннаға дейінгі екі карьерлік «БелАЗ-75139» өздігінен түсіретін машиналары іске қосылды. Бұл оқиғаны осындағы кеншілер қауымы елеусіз қалдырған жоқ, кәсіпорында салтанатты жиын өтті.

Кен өндірісіндегі тасымалдау жұмыстарын едәуір жеңілдететін мұндай техниканы пайдалануға беру компания үшін  тиімді. Өйткені, 2016 жылдың ІІ тоқсанында кен жұмыстарының басталуына әзірлік және жер қабаттарын аршу жұмыстары басталады.
«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Юрий Овчинниковтың айтуынша,  құрастыру машиналарының тораптары мен агрегаттарын жеткізу 2016 жылдың қаңтарында басталған екен. Бұлар «Komatsu HD-785-7» және «БелАЗ-75139» өздігінен түсіретін машиналардың агрегаттары, бульдозерлер және ЭКГ-15М электр эксковаторлары. Бұл техникаларды құрастыру жұмыстары  мұқият  жүргізілуде. Қазірдің өзінде екі өздігінен түсіретін «БелАЗ» машинасы жиналды және наурыздың ортасына қарай жүк көтергіштігі 90 тоннаға дейінгі «Komatsu HD-785-7» 4 өздігінен түсіретін машинасы дайындық сапына қойылады. 
Осы жылдың екінші тоқсанына қарай ЭКГ-15М екі электр экскаваторы әзір болады. Машиналардың өздерін жинау жеткізуші компания мамандарының қатысумен жүргізілуде. Сонымен қатар кәсіпорынға қалған карьерлік техника агрегаттары мен тораптары жеткізіледі.
Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов салтанатта «Қызыл» индустриялық-инновациялық жобасы­ның арқасында жергілікті елді мекендердің өмірі таяу уақыттарда жақсара түсетіндігін  атап көрсетті. Ау­данға «Полиметалл» компаниясы келгелі жергілікті ин­фрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік жобаларды қол­дауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға зор үлес қосты.
Салтанатты шара барысында  кәсіпорын аумағында «БелАЗ-75139» машиналарының техникалық қуаты көрсетілді. Кеншілер өз мамандарының қолдарынан құрастырылып шыққан кен машиналарының қуаты мен сапалық қасиетіне дән ризашылық білдірді.

Ибрагим Бекмаханұлы

738 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы