• Өндіріс
  • 30 Наурыз, 2016

КІРПІШ ЗАУЫТЫНДА КІРІС КӨП

Кәсіпорын алғашқы өнімін экспортқа шығара бастады

Ақмола облысының Ерейментау ауданында жақында ғана іске қосылған кірпіш зауыты алғашқы өнімдерін шығара бастады. Кірпіш сатудан түскен кіріс көңіл қуантарлықтай. 

Жылына 50 млн. дана кірпіш жасауға қауқарлы кәсіпорын қазірдің өзінде бұл өнімнің 4 млн. данасын дайындаған. Іргелі зауытты тұрғызып, оны толық жабдықтауға 2.2 млрд. теңге жұмсалған. Ол өзін-өзі ақтауға тиіс, бүгінде өндіріс ошағында 240 адам  еңбек етеді. Ал зауыт өнімі Астана қаласы мен жақын маңайдағы облыстарға жеткізіледі.
– Алдағы уақытта экспортты да еңсереміз, – дейді кәсіпорын ұжымы. Сол үшін қазіргі міндет – өзіндік құны төмен, сапалы кірпіш шығару.
– Біздің шикізат іргедегі «Сарыадыр» кенішінен алынады. Ол жерде бізге қажетті компоненттердің барлығы бар. Сондықтан қосымша шығын жоқ. Бұл, әрине, өнімнің өзіндік құнына оң әсер етеді. Экспортқа келсек, жақында біз Ресейдің Орал аймағына алғаш рет кірпіш саттық. Бұл жұмыс бұйыртса, жалғасын табады, – дейді ауысым басшысы Александр Михайлов.
Ауысым басшысы айтқандай, зауытта қазір Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіндегі еңбек вахтасына тұрып, жұмысын барынша ширатып жатқан жұмысшылар көп. Олар күнделікті жұмыс жоспарларын артығымен орындамайынша тыным таппауға бар.

Ибрагим Бекмаханұлы

676 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы