• Өндіріс
  • 27 Сәуір, 2016

БОЗШАКӨЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ ИГЕРІЛУДЕ

Кен байыту комбинатында алғашқы мыс концентраты алынды

Қазақстанның Индустрияландыру картасы шеңберінде салынған Бозшакөл кен байыту комбинатында алғашқы мыс концентраты алынды. Бұл қуанышты хабар кенші, металлургтер қауымын бір қуантып тастады.

Қазіргі  таңда  байыту комбинатында  кенді саудаға шығаруға дайындық жүріп жатыр. Ал 2017 жылы толық жобалық қуатына көшетін кәсіпорын тәулігіне мыс концентратының 20 вагонын жөнелтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, комбинат биыл 45-65 мың тонна катодты мыс пен 50-70 мың унция алтын кесектерін өн­діреді.
Ірі кәсіпорын заманауи техникалар­мен жабдықталған. Қазылған кен диірмендерге ұзын­дығы 2,5 шақырым болатын желілік конвейермен жеткізіледі. Мамандар Бозшакөлде қазба-байлықтың 40 жылға жететін қоры бар екендігін анықтаған. Қазір тәулігіне 74 мың тонна кен қазылса, жобалық қуаттылыққа шыққанда 120 мың тоннаға жетіп, жылына 25 миллион тонна кен өңделмек.
«Осы цехтың ішінде кен одан ары қарай ұн­тақ­талып, одан кейін осы флотациялау процесінен кейін мыс концентраты және қосымша тағы да молибден концентраты шығады. «Негізінде осы Бозшакөл кен байыту фабрикасы жылына 25 миллион тонна кен өндіруге бағытталған», – дейді Бозшакөл кен байыту ком­бинаты кен алу және ұнтақтау бөлімінің шебері Арман Мұқанов.

Ибрагим Бекмаханұлы

698 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы