• Өндіріс
  • 27 Сәуір, 2016

ҚОСТАНАЙДЫҢ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ алғашқы легін экспортқа жіберуге әзір

Қостанайдағы машина құрастыру зауытында жиналған жүк көліктерінің алғашқы легі таяуда экспортқа жіберуге әзір тұр.

«Отандық кәсіпорынның автоөнімдеріне елі­міз­дегі ірі компаниялардың да ықыласы ауып отыр. Бүгінде өндіріс алаңындағы жұмыстың дені жергілікті мамандардың қолына көшкен. Болашақтағы мақсат – қазақстандық үлесті еселеп арттыру», – дейді зауыт мамандары.
Қостанайлық автоөндірісшілер алға­шын­­да жол талғамайтын жеңіл көлік­тер­ді құрап, тәжірибе жетілдірді. Қолы жаттық­қан мамандарға ауыр техникаларды құрау қиынға түс­кен жоқ. Қазір бөлшектер бұрын­ғыдай жартылай дайын күйінде келмейді. Бәрі осында жиналады.
Бұл жерде коммерциялық ауыр техника­лардың бірнеше түрі құрастыры­лады.
«Еуропалық жаңа деңгейге шығып тұрмыз. Жақында испан, италиялық маман­дардан дәріс алдық. Бұрын А-5 әдісімен құрас­тырсақ, қазір А-З деңгейіне көштік. Көліктер өзімізде сырланады», – дейді, ауыртехникалар құрастыру учас­кесінің шебері Асқар Алшынбаев.
Өнім сатылымға даяр болуы үшін үш мың дана бөлшекті жинау керек. Машиналар ақырғы желіге келгенше барлығы алты бекеттен өтеді. Бір көлікті құрауға 25 маман жеткілікті. Бұл – кәсіпорында жыл басынан бері жасалынған 20-дана ауыр көлік күні ертең Ресей нарығына жол тартпақ. Жалпы, зауыт мүмкіндігі сұраныс болса, күніне10  дана осындай машина құрастыруға әбден жетеді. Алдағы мақсат – сол межені бағындыру. Коммерциялық жүк көліктерін шығару келер жылдан бастап көбейе бермек.
Қостанайдың машина құрастыру зауытының өнімдеріне көрші елден бөлек отандық экс­педиторлық компаниялардың да ықыласы ауып отыр. Еліміздегі танымал фирмалардың бірі жүк көлігін жүздеп сатып алуға келісім жасасқан. «Бұл машиналардың сапасы әлемдік стандартқа сай келеді. Сондықтан 100 дана ауыр көлік сатып алуға келісімшарт жасап отырмыз. Бұл – біздің қазақстандық автоөндіріске деген сеніміміздің кепілі», дейді Көлік-экспедиторлық компаниясы бақылаушы кеңесінің төрағасы Сиддик Хан.
Жоспар бойынша 2018 жылы кәсіпорын ала­ңында 40 мың көлік  құрастылып, автоөнімдегі қазақ­стандық үлес 50%-ға дейін артатын болады.

Ибрагим Бекмаханұлы

 

804 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы