• Өндіріс
  • 04 Мамыр, 2016

ӨНДІРІСТІҢ ҚАЙНАҒАН ОРТАСЫНДА

БАҚ өкілдерімен пресс-тур ұйымдастырылды

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Karlskrona» машина жасау зауытында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен пресс-тур ұйымдастырылды. Онда БАҚ өкілдері аталған кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, зауыт басшысымен кәсіпорнның тыныс-тіршілігі жайында кеңінен әңгіме-дүкен құрды.

Зауыт өз өнімдерімен бүгінде еліміздің ішкі сұранысын толық қамтып отыр. Басты тұтыну­шы­лардың бірі – «КазАтом­Өнер­кәсіп» АҚ-ның уран өндіруші кәсіп­орын­дары мен республикадағы ірілі-ұсақты қалалардың су арналары болып табылады. Сондай-ақ, ком­пания өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжік­стан елдеріне экспортталуда. Алдағы уақытта экспорттаудың көлемін ұлғайтудың ілкімді шаралары қарастырылатын болады.
Жылдық өнімі 2500 сорғы шығаратын компанияда 200-ден астам адам еңбек етеді. Аталмыш зауыт су сорғыларынан бөлек, электротехникалық құрылғы, реттеуші арматура, су тазалағыш және жылу, кәріз жүйелерінің қосалқы бөлшектерін де жасап шығаруда.
«Karlskrona» зауытының бас директоры Уәлихан Ахметовтың айтуынша, осы жылдың шілде айында «Бадам» индустриалды аймағында болат құю зауыты іске қосылмақ. Онда су сорғыларына қажетті қосалқы бөлшектер шығарылатын болады. Мұнда жоспар бойынша 55 адам жұмыспен қамтылмақ.
Кәсіпорында отандық өнім өндіруге деген ынта-ықылас жоғары. Мұнда жұмыс істейтіндер дағ­дарысты еңсеріп, неғұрлым табысқа жетудің жолдарымен әдістерін қарастыруда. Зауыттықтар ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына толымды табыстармен баруды басты нысана еткен.

Ибрагим Бекмаханұлы

552 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы