• Өндіріс
  • 04 Мамыр, 2016

«БИОХИМНІҢ» ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Зауытты қалпына келтіруге 1,5 жыл уақыт кетті

Көп жылдан бері бос тұрған «Биохим» зауытының тамырына қан жүгірді. Солтүстік Қазақстан облысындағы бұл зауыт биыл жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы жақында Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтанов мәлім етті.

– «Биохим» зауытын қалпына келтіру үшін 1,5 жыл уақыт жұмсадық. Инвестор табылды, ол – «Био-лайн» компаниясы, – деді аймақ басшысы брифингте заунттегі істің  жәйіне тоқталып. – Сату-сатып алу келісімшартын жасастық. Осы айдың ішінде инвестормен тағы да кездесемін. Қуантарлығы, жобаға «ҚазМұнайГаз» компаниясы 25 пайыз үлесін қосты. Сондықтан, зауыт қайта жұмысын бастайтынына мемлекеттік кепілдік бар.
Облыс әкімі  бұдан кейін зауытта жұмыс істеген жұмысшылардың 25-40 пайызы биылдан бастап қайта жұмысқа кірісе алатынын мəәлім етті.
 – Биыл зауыт қайтадан пайдалануға беріледі. Зауыт сан түрлі өнім шығара алады. Қызметкерлердің 25-40 пайызы қайтадан жұмысқа кірісе алады. Жалпы, зауыттың болашағы бар, – деді əәкім.
Аймақ үшін «Биохим» зауытының алатын орны ерекше. Облыс әкімдігі мен негізгі инвестор «Био-лайн» компаниясы кәсіпорынды алдағы уақытта толық іске қосудың шараларын бірлесіп жүргзуді қолға алуда. Қайта қалпына келтірілген зауыттың тынысы қеңейетін күнді зауыттықтар асыға күтуде.

 Ибрагим Бекмаханұлы

531 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы