• Өндіріс
  • 18 Мамыр, 2016

АҚТӨБЕЛІК ЗАУЫТТЫҢ АДЫМЫ

Мұнда құрылыс материалдары отандық шикізаттан дайындалады

Ақтөбелік зауыт құрылыс материалдарын тек отандық шикізаттан дайындайды. 2009 жылы ашылған өндірісте 10-нан астам цех бар. Оның бірі таяуда ғана ашылса да, өнім өндіру сапасы жағынан өзгелерден оқшау көзге түсуде.

Темірбетон бұйымдарының екі түрін шыға­ратын цех испандық технологиямен жаб­дықталған. Цехтағы жұмыстың қарқынына көңіл тояды. Испандық технология бетон плитасын 9 метрге дейін тұтастай құя алады. Цехта 6 желі жұмыс істеп тұр. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Сондықтан өндіріс қуаттылығын 2 есеге дейін арттыру мақсаты көзделген.
Біз цехта дайындалатын құрылыс плиталарын 1 метрден 9 метрге дейін жеткізіп, күніне олардың 450 шаршы метрін шығарамыз. Енді соны екі ауысыммен 900 шаршы метрге жеткізгіміз келеді. Плита өте жақсы әрі сапалы, тұтынушылардың көңілінен шығып отыр. Бізде бақылау бөлімі келіп, плитаны тексеріп отырады. Ешқандай сын, ескертпе жоқ, – дейді – цех жұмысшысы Мәлік Балаев.
Зауыттағы 10 цехта құрылыс материалдарының 20-дан астам түрі шығарылады. Тауарлы бетон бұйымдары, металл жабындары, жиектастар мен кірпіш құйылады. Қаладағы ірі құрылыстарға осы зауыттың өнімдері алынады. Мысалы «Ақтөбе рельс арқауы» зауытының құрылысына қажетті бетондар осында дайындаған. Ең бастысы, зауыт сапалы құ­рылыс өнімдерімен көзге түсуде.
Зауыт жұмысшылары  өндірістің дамуына мемлекет тарапынан нақты қолдау бар екенін сезіне еңбек етуде. Мұнда қазір 100 адам тұрақты еңбек етіп жатыр.
 – «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша біз 350 млн теңге несие алғанбыз. Сол ақшаға біз шетелден, Испаниядан жабдықтар әкелдік. Соны 1 жыл бойы орналастырып, қазіргі күнде сол қондырғы арқылы үлкен өндіріс аштық, – дейді зауыт директоры Хасен Дәулетов.
Зауыттан шығатын құрылыс материалдарының барлығы отандық шикізаттан дайындалатын болған­дықтан, цементтің өзі көршілес Маңғыстау облысынан, темір Қарағандыдан тасымалданады. Ал әк, қиыршықтас, құм Ақтөбенің өз айналасында бар. Зауыт 7 жыл ішінде жиырмадан астам тұрақты серіктес тапқан. Алдағы уақытта Ресей нарығын ба­ғындырмақ ойлары бар.

Ибрагим Бекмаханұлы

 

577 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы