• Өндіріс
  • 01 Маусым, 2016

Бірлескен кәсіпорын іске қосылды

Маңғыстау облысында жоғары сапада электротехникалық қондырғылар шығаратын өндіріс құру, электроэнергетика саласында инновациялық шешімдерді жылжыту мен дамыту, автоматтандыру және энергия қуатын үнемдеу мақсатында қазақстандық-финляндиялық бірлескен кәсіпорын құру көзделіп отыр. Бұл туралы Маңғыстау индустриалдық палатасы басшылығымен кездескен финляндиялық «VEO» компаниясының бас директоры Марко Экман хабарлады.

Жаңа зауыт құрылысына 4 жыл уақыт кетеді, онда еңбекке тартылатын 200-ден астам жұмысшы жергілікті түрғындарды құрайды. Бірлескен кәсіпорын «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында салынбақ.
Марко Экманның айтуынша, «VEO» ком­паниясының басым бағы­ты кешенді инжиниринг бойынша қызмет көрсету болып табылады, яғни өндірістік және энер­гетикалық нысандардағы істен шық­қан және жаңадан құрылысқа қажетті қон­дырғыларды тапсырыс берушілерге дер кезінде жеткізу.
«Іске асқалы жатқан бұл жобаның 2019 жылға арналған жол картасы жасақталды, яғни, жоспарға сәйкес үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында алғашқы өнімді тес­тілеуге көшеміз. Біздің болжамымыз бойынша, зауыт 2020 жылға толық аяқталып, пайдалануға беріледі», - дейді инвестор.
Шетелдік инвесторлар «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында болып, негізгі үш түрлі салыққа жеңілдіктер қарастырылғанына көз жеткізді. Яғни олар корпоративтік, жер және мүлік салығынан толықтай босатылып отыр. Кеден тәртібіне сәйкес құрылысқа қажетті жүктерге баж алынбайды, қосымша салық және басқа да бейтарифтік реттеу жеңілдіктері беріліп отыр. Дайын инфрақұрылым да көңілден шықты, бұл шетелдік кәсіпкерлерге артық қаржының үнемдеуіне мүмкіндік беріп отыр.
«Бірлескен кәсіпорынды бірлесіп іске қо­са­тынымызға сенімдімін және ара­­дағы ынтымақтастық өзінің пайда­сын тигізері сөзсіз. Біз облыс әкімі Алик Айдарбаевтың қабылдауында болдық жә­не зауыт тұрғызылатын «Ақтау теңіз портының» аумағын араладық. Осы өңірде кез-келген бизнестің дами түсеті­ніне көз жеткіздік. Маңғыстау индус­триал­дық палатасы ұжымымен таныс­қаны­мызға қуа­ныштымыз», – деді «VEO» компа­ния­сы­ның бас директоры Марко Экман.
Айта кету керек, финляндиялық «VEO» компаниясы 150 мемлекетте болып, 5000-ға жуық жобаны жүзеге асырған. Әсіресе Уругвай, Нидерланды, Сингапур, Ресей, Әзірбайжан, Швеция, Норвегия және басқа да алпауыт мемлекттермен әріптестік қа­рым-қатынас орнатқан.
Бұл компания энергетикалық аудит жүргізу бойынша да үлкен тәжірибесі бар және маңғыстаулық кәсіпорындарға электроэнергияны үнемдеуде энерго-аудит бойынша қызмет көрсетуге дайын екендігі де сөз болды.
Сондай-ақ, инвесторлар есебінен жер­гілікті мамандар білімдерін жетілдіретін болады жәнебірлескен кәсіпорын бола­шақта өңірдегі энергетикалық, мұнай хи­миялық, металлургия, кеме жасайтын зауыт және тағы басқа кәсіпорындарға қызмет көрсететін болады.

Жанат АМАНТАЙ

435 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы