• Бизнес & Қоғам
  • 15 Наурыз, 2012

Сұранысты ынталандыру керек

Сұраныс ұсынысты анықтайды. Бұл дегеніміз нарық экономикасының классикалық формуласы, яғни өнімге сұраныс болмаса, оның өндірісі де болмайды деген сөз. Адамзат қанағатсыз екені бәрімізге белгілі. Дегенмен, адам еш уақытта өз игілігіне қанағат етпейді. Түрлі тауарларға үнемі көбейіп тұратын сұраныс бұл адами қоғамдағы дамудың табиғи салдары болып табылады. Сондай-ақ ол - экономикалық өсудің ең басты қозғағышы ретінде қарастырылады.

Бірақ үсті-үстіне көбейіп тұратын адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған өндірушінің талабы өзінің кезегінде артық өндіру дағдарыстарға келтіреді. Дегенмен адамға өмір сүру үшін онша көп нәрсе керек емес, тек тамақ, киім, тұрғын -үй. Алайда батыстық көзқараста қоғамдағы тұтынушылық идеясы дұрыс өмірдің нақты бейнесі деген пікірмен тым асырып айтып жатады. Тұтыну тек тұтыну үшін. Осы ретте тауарлардың артық өндірілуі дағдарыстың басты себебі.

Салыстырмалы түрде қарастырғанда қажеттілік пен тұрақтылық қоғамдық сипатқа ие. Басқаша айтқанда, барлығы шағын үйлерде тұрса, ешкімде үлкен сарайда тұруға деген қажеттілік тумас еді. Мейлі үй кішкентай болса да, ол адамның кажеттілігін канағаттандыратын. Бірақ қасында үлкен сарай пайда болса, шағын үйде тұру ынғайсыз болып кетеді. Оның иесі өзін қанағатсыз, әрі жайсыз сезіне бастайды. Дегенмен оның өмірінде еш нәрсе өзгермеді, тек қасында сарай ғана пайда болады. Сарай болмаса, бәрі шағын үйлерде тұрып бақытты болатын еді. Алайда сарайлар пайда болды, оларға сұраныс қолжетімді несиелер арқылы ұсынысты арттырып тұрды, олардың бағалары шектен тыс өсті, сондай-ақ нәтижеде таңдаулы тұрғын-үйдiң артық өндiруi пайда болды.

Дағдарыстың нәтижесінде теріс проблема пайда болды. Өнім көп, бірақ сол өнімге сұраныс жоқ. Яғни қымбат тауарларды ақшасы бар тұтынушылар сатып алды да, енді қажетсiнбейдi. Ал басқаларда сол тауарларды сатып алуға ақша жоқ. Ал банкте тұтынушыға несие алу шарттары оңайға түспей ортада қалады. Дегенмен коммерциялық банктерде орын алатын каржы проблемаларының себебі - тұтынушының ипотекалық несие бойынша қарызын төлемеуі болып табылады.

Жалпы алғанда бұл бекітулі шеңбер, өйткені барлық адамдар, өндiрушiлер мен тұтынушылар да қомағай қажеттiліктерге ие болып тұр. Бірақ қандай себептер болмасын, тұтынушы сұранысы ынталандырудың проблемасын шешуі керек. Тұтынушылардың енжар жүріс-тұрысы одан да негативтік зардаптарға келтіреді - өндiрiс деңгейінiң құлауына, жұмыссыздыққа, кәсiпорындардың банкроттығына. Осындай экономикалық «зынданнан» шығу өте қиын болады.

Алайда меңін ойымша, сұранысты ынталандыру өзіммен артында экономикалық тұрақтылықты да, отандық өндiрiстiң өсуi де, бос еместiктiң үлкеюi де тартатын өнімге жасау керек. Жеке алғанда қазақстандық ауылшаруашылық өнiмiне. Біріншіден, бұл сала алыпсатарлық пайдаларды бермейдi, сондықтан бұл жерде көп жұмыс еңбекшiлер арқасында жүзеге асады. Демек жергiлiктi азық-түлiк өнiмдерiн тұтынушының жоғары бағалауы - ауыл тұрғынының бос еместiгiнiң түбегейлi үлкеюiн қамтамасыз етедi. Екіншіден, ауыл шаруашылығының дамуы машина жасау, көлiк, сауда, қайта өңдейтiн салаларды өзiмен бірге тартады. Үшіншіден, елiміздегi тұрақты азық-түлiк секторының бар болуы әлеуметтiк тұрақтылықтың кепiлдiгі ретінде болып қалады.

Әрине, тұрғын-үйлерге де сұранысты ынталандыру керек, бірақ таңдаулы емес, қолжетімдік, қарапайым адам өміріне арналған үйлерге. Құрылыс секторы да өзiмен бірге құрылыс материалдардың өндiрiсіне, тұрғын-үйдегі қоғамның әлеуметтiк қажеттiлігiн қанағаттандыруын да қамтамасыз етеді.

Ал басқа тауар мен қызметтердің түрлерін алсақ, оларды өндірушілердің басым көпшілігі шетелдiк болғандықтан, барынша өз өнімдерін сатуға тырысады. Импорттық тауарларға сұранысты ынталандыру бізге пайдасыз болады, өйткені бұл капиталды шетелге алып кетуге және отандық өнiміне сұраныстың кiшiрейтуiне алып келедi.

Сұранысты нүктелік түрде ынталандыру үшін шаралардың жиынтығын әзірлеп, оны қабылдау керек. Жеке алғанда бұл бюджеттік мекеме қызметкерлеріне және қоғамның осал топтарына еңбекақылары мен әлеуметтiк жәрдемақыларын үлкейтеді. Осы тұрғындардың топтары түгелімен өз табыстарын керекті қажеттiліктерін қанағаттандыруға жұмсайды, яғни тамақ пен тұрғын-үй қажеттіліктеріне. Сонымен бiрге өз өнiмiнiң бағалы бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін осы салалардың кәсiпорындарына қосылған құнға салықты (ҚҚС) төмендету арқылы көмектесу орынды болар едi.

Бірақ сұранысты ынталандыратын экономикалық әдiстерден гөрі идеологиялық құралдар әлдеқайда маңызды болып табылады. Мемлекет тұтынушылардың отандық тауарларға деген ұлттық жанашырлығын міндетті түрде қалыптастыруы керек және осы жолда аянбай тер төгуі қажет. Бүгінгі күнде Үкімет мемлекеттік кәсіпорындарды әкімшілік тәсіл арқылы отандық тауар мен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеуде. Алайда бұл мүлдем жеткiлiксiз. Барлық қазақстандықтар отандық тауар өндiрушiлерiн қолдауы керек. Осы мақсатта тұтынушы сұраныстың идеологиялық бағытын құрастыру үшін отандық тауарлардың маркетингін дамытуы шарт. Мен оны - мемлекеттік маркетинг деп атап кетер едім.

Дегенмен қазақстандық өнімді тұтынудың өсуі ең алдымен мемлекетке пайдалы болады, сосын ғана тұтынушыларға. Одан соң ол тұтынушыларға пайдасыз да болу мүмкін, өйткені импорттық тауарлар арзандау, сапалырақ (қытай тауарлары мысалы).

Алайда қандай жағдай болмасын тұрғындарды қазақстандық тауар сатып алуға барынша ынталандыру қажет. Маркетингте жаппай санаға әсер ететін әдістер мен құралдардың үлкен мөлшері бар. Бұл жерде ештеңе күрделі емес, айтқандай біздің шенеунiктерімізде үгiт-насихаттың үлкен тәжiрибесі бар. Біздің елімізде соншама табысты сайлау науқандары өтті, әсіресе «НұрОтан» халықтық-демократиялық партиясының науқаны. Меніңше, алдағы уақытта осы партия аталған тәжірибені пайдалану керек, сондай-ақ адамдарды отандық тауар мен қызметтерге «дауыс беруге» шақыруы керек. Нәтижесінде халқымызға да сол тәжірибеден пайда түссін.

Айгүл Төлембаева

Экономика ғылымдарының докторы,

профессор

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы