• Өндіріс
  • 29 Маусым, 2016

АСТАНАДА ЖАҢА САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

Еліміздің таяу болашаққа арналған 5 институттық реформасынан туындайтын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тұжырымдардың басты арқауы – Қазақстанды әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосу екендігі белгілі.

Осыған орай жүргізіліп жатқан сан салалы әрі маңызды жұмыстардың қатарында отандық тауар өндірісін барынша өркендетудің қажет болып тұрғандығы өз-өзінен түсінікті. Астана күніне орай елордада тек отандық тауар сататын Қазақстанның алғашқы сауда орталығын ашудың қолға алынуы да осыны айғақтайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР сауда кәсіпорындары қауым­дастығының вице-президенті Қайырлы Таукеннің айтуынша, сауда орталығындағы тауарлардың бәрі «Қазақстанда жасалған» және «Халық маркасы» сапа белгісінің иелері шығарған тауарлар болады.
Отандық өнімдер сатылатын жаңа сауда орталығының аумағы бастапқыда 5 000 шаршы метр болмақ. Еліміздің 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларының тауар өндірушілері сауда орталығында өз бутиктерін ашып, астана жұртшылығы мен қонақтарына өздері өндірген өнімді ұсынатын болады.
Астанада ашылатын алғашқы қазақстан­дық сауда орталығында үш жүзге тарта фирма мен компанияның тауарлары сатылады. Қ.Таукеннің хабарлауынша, сауда орталығы ашылған соң, бір жыл бойы отандық тауар өндірушілер үшін сауда орталығындағы орындар тегін болады. Алайда бұл үшін тауар өндірушілер «Халық маркасы» белгісін иеленуі керек. Отандық тауарлар сөреге қойылатын сауда орталығын ұйымдастырушылардың айтуынша, ол шамамен 300 мың теңге тұрады екен. «Бұл белгіні иеленген тауар өндірушілер сауда орталығынан тегін орын алып, тегін жарнама бере алады. Оның үстіне, олардың тауарын өздері емес, «Халық маркасы» сатуды мойнына алады».

Ибрагим Бекмаханұлы

602 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы