• Бизнес & Қоғам
  • 15 Наурыз, 2012

Аусыл дерті ауыздықталуда Мақпал САҒЫНДЫҚ

Қазақ халқының өмірін төрт түлік жануарсыз елестету мүмкін емес. Ерте заманнан бері бабаларымыздың сенімді серігіне, ішер азығына, киер киіміне айналған төрт түлік малдың бүгінде аусыл дертіне шалдығуы қарапайым халықтың тыныштығын бұзуда.

Бүгінде еліміз бойынша Жамбыл және Алматы облыстарында аусыл індетінің жеті ошағы тіркелген. Анықталған негіз бойынша ұсақ малды санамағанда, осы уақытқа дейін төрт жүзден астам ірі қараның көзі жойылған. Аусыл дертіне шалдығып, көзі құртылған малға нарық бағасына сәйкес, 100 пайыз өтемақы төленетін болады.

Бастапқыда ақпан айының орта кезінде Жамбыл облысына қарасты Үлкен Сұлутөр ауылдық округінде 23 бас ірі қара мен 280 бас ұсақ малдан аусыл індетінің белгілері анықталып, дерек Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан расталған болатын. Жамбыл облысын жайлаған «аты жаман» бұл індет былтырғы жылы көршілес Қырғыз Республикасында да тіркелген. Осыған байланысты бұл індет еліміздің оңтүстік аймағына қырғыз елінен контрабандалық жолмен өткен малдардан таралғандығын айғақтап отыр.

Кейінгі уақытта аусыл дертінің тағы бір ошағы Алматы облысында тіркелді. Осы облысқа қарасты Үңгіртас селолық округінің «Мұса» жайылымында орналасқан «Болашақ» шаруа қожалығында мамандар аталмыш аурудың клиникалық белгілерін анықтаған болатын.

Өткен аптада аусыл ауруы анықталған жеке меншік иеліктегі малдардың көзі жойылды. Еліміздің ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков індетке шалдыққан екі облыстың тұрғындарымен арнайы кездесіп, жойылған түліктердің шығынына өтемақы төленетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, министрліктің бұйрығымен аусыл жұқтырған 610 ірі қара мен 1077 ұсақ мал жойылды. Тұрғындармен өткен кездесуде Асылжан Мамытбеков: «Үкіметтің қаулысы бойынша осы ауданда жергілікті органдар мен біздің министрліктің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардан тұратын комиссия құрылып, осы өңірдің нарықтық бағасымен жойылған малдардың тиісті қаржысы төленетін болады. Қазіргі уақытта аусылдың шығу себептері анықталуда. Жүйелі тексерістен кейін жағдайға қатысы бар кінәлі азаматтар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылатын болады», - деп халықты сабырлыққа шақырды.

481 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы