• Бизнес & Қоғам
  • 15 Наурыз, 2012

Маман кеңесі Салық сауаттылықты қажет етеді

Бүгінде заңды білмеу салдарынан жеке меншік және шағын бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлер арасында түрлі түсінбеушіліктерге кездесіп, опық жеп жүргендер жиі ұшырасады. Осыны ескерген Алмалы ауданы салық басқармасының Бас салық инспекторы Бауыржан Алиасқаров оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, кәсіпкерлерге алдағы уақытта сауаттарын арттыра түсу керектігін айтты

Салықты уақытылы төлемеген жағдайда салық төлеушінің мүлікке билік етуі шектетіле ме? (Есік қаласынан Ардабек Мұратұлы)

– Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу ҚР «Салық кодексінің» 613-бабында көрсетілген. Біріншіден, салық органы осы Кодекстiң 609-бабы 1-тармағының 4-тармақшасында көрсетiлген салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеудi:

1) салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық берешегi өтелмеген;

2) мониторингке жататын iрi салық төлеушiнi қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметi органының шешiмiне шағым жасаған жағдайларда жүргiзедi. Бұл ретте салық органы осы тармақтың 2-тармақшасында көрсетiлген жағдайда осы Кодекстiң 607-бабының 2-тармағының 5-тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарлама жiбермей-ақ жүргізіледі. Осы бапта белгiленген тәртiппен салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң және өсiмпұлдардың шағым жасалған сомасы шегiнде салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлкiне билiк етуiне шектеу салады. Иелiк етуге шектеу қоюға қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң негiзгi құрал-жабдығы және (немесе) жылжымайтын мүлiкке инвестиция болып табылатын мүлкi ғана жатады.

2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мүлiкке билiк етуiн шектеуді салық органы:

1) осы баптың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген жағдайда – осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған;

2) осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жағдайда – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестиция және (немесе) биологиялық актив болып табылатын мүлкіне қатысты жүргізеді.

Билік етуге шектеуге қандай объектілер жатпайды? (Қапшағай қаласынан Айнұр Қожамқұлова)

– ҚР «Салық кодексі» 613-бабында көрсетілгендей, билік етуге шектеуге тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; электр, жылу және өзге де энергия түрлері; сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат жатпайды.

Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм берілген күн қалай анықталады? (Жаркент қаласынан Еркін Сейілмұратұлы)

– Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмдi және осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісін салық органында тіркеу бір нөмірде жүргізіледі.

4. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм салық төлеушіге (салық агентіне) жеке қол қойғызып немесе почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен тапсырылуға тиіс. Мынадай:

1) қол қойғызып жеке табыс етілген кезде - шешімге қол қойылған күн;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген кезде - почта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеуші (салық агенті) белгі қойған күн;

3) осындай шешімді алғанын растайтын қол қоюдан бас тартуы немесе орналасқан жері бойынша болмауы себепті табыс ету мүмкін болмаған кезде - осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген салықтық зерттеу күні салық төлеушіге мұндай шешімнің берілген күні болып есептеледі.

Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық төлеуші салық органына қандай құжаттарды тапсыру керек? (Ардақ Нұрманова Алматы қаласынан)

– Салық төлеуші (салық агенті) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін осындай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын, балансын растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдеменің актісіне қоса беріледі.

Салық төлеуші (салық агенті) осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімді шығарған салық органы уәкілетті мемлекеттік органдарға осындай салық төлеушінің (салық агентінің) меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығында осы баптың 5-тармағында көрсетілген мүліктің бар немесе жоқ болу фактісін растау туралы сұрау салу жібереді. Уәкілетті мемлекеттік органдардың осы тармақта көрсетілген сұрау салуға жауаптарының көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісіне қоса беріледі.

649 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы