• Өндіріс
  • 28 Шілде, 2016

АГРОХИМИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР ШЫҒАРАДЫ

Жаңа зауыттың жылдық қуаты – 11 мың тонна

Павлодарда агрохимиялық өнімдер шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Ендігі жерде диқандар жер өңдеуге қажетті пестицидтерді шеттен тасымайды. 

Шегірткеге қарсы қолданылатын биопрепараттар мен глифосат шығаратын кәсіпорынның жылдық қуаты – 11 мың тонна. Бұл  кәсіпорынның іске қосылуы егін шаруашылығымен айналысатын фермерлік  шаруашылықтардың  дәнді және майлы дақылдардан мол өнімге жетуіне елеулі септігін тигізері сөзсіз.
Инвестициялық жаңа  жобаның жалпы құны – 3,2 млрд теңге. Қаржы индустрияландыру картасы арқылы бөлінген. Жаңа зауыт жүзден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Отандық өнімнің арқасында диқандар өнделген жердің әр гектарынан 45 пайызға дейін қаражат үнемдей алады. 
–  Мұндай өнеркәсіп бүкіл Қазақстанда жоқ. Сондықтан, біріншіден, индустриялық-экономикалық жағынан, екіншіден, әлеуметтік жағынан тиімді. Бүгінгі таңға дейін мұнда 20 шақты ғана адам болған. Енді 118 жұмыскер жұмыс істейтін болады, – дейді кешен жұмысымен танысқан облыс әкімі Болат Бақауов. 
Серіктестік директоры Сейітжан Үйсімбаевтың айтуынша, жаңа зауытта атқарылатын жұмыстардың дені автоматтандырылған. Дайын өнімді құятын сыйымдылығы 5-тен 10 литрге дейінгі ыдысты да зауыт жұмысшылары өздері шығарып жатыр. Кәсіпорын  Қазақстанның ішкі сұранысының 25 пайызын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар жүргізуде.

 Ибрагим Бекмаханұлы

592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы