• Өндіріс
  • 10 Тамыз, 2016

АСТЫҢ ДӘМІН ТҰЗ КЕЛТІРЕДІ

Ертіс өңірінің өніміне Ресейден сұраныс жоғары

Павлодарлық тұз өңдеушілер өнім көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Өңірде шығатын тұздың саплалық қасиеті түтыну нарығында ерекше бағаланады. Сол себепті өңірде өндірілген тұздың қомақты бөлігі экспортқа жөнелтіледі.

Тұз – күнделікті тұрмыста жиі тұтынылатын өнім. Біздің халқымыз: «Елдің сәнін қыз келтіреді, астың дәмін тұз келтіреді» деген сөзді бекер айтпаған. Бұл талай ғасырлар бойынша дәлелденген сөз. Расында да, тұзсыз астың дәмі келмейді. Павлодар тұзына көршілес Ресейдің ірі кәсіпорындарынан сұраныс артқан. Мұны жергілікті тұрғындар көріп, біліп те отыр.
Қазір Ертіс өңіріндегі Үлкен Қалқаман өзенінде тұз өндірісін кеңейту жұмыстары қызу қолға алынып жатыр. Бұл ас тұзы кенішінің қорын 3 млн тоннаға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. Ертіс жағасындағы тұздың мол қоры бірнеше ғасырдан бері белгілі. Оның тұзы ең алғаш XV ғасырдан бастап өндіріле бастаған. Өнім кезінде Ертіс өзені арқылы Қытайға дейін жеткізілген. Ал Кеңес үкіметі кезінде облыста «Павлодартұз» тресі құрылып, барлық кеніш өндірістік бірлестікке өтті. Бүгінде тұзды көлдің табиғи қоры 6 млн тоннадан асады. Тұз өндірушілер жылына 100 тың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Оның біраз бөлігі экспортталады.
– Биыл жоспар бойынша шығарылған 85 мың тонна тұздың 60 мың тоннасын Ресей сатып алып отыр. Қалған 20-25 тонна тұз Қазақстан нарығына жіберіледі. Бұл бағалы өнімді жылына 150 мың тоннаға дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Ал, сатылымға шығатын өнім көлемі 120 мың тоннаны құрайды. Соның 60-70 мың тоннасы экспортталады, – дейді кәсіпорын директоры Денис Семенов.
Ас тұзының ең мол қоры Үлкен Қалқаман өзенінде. 1934 жылдан қазыла бастаған. Былтырдан бері жұмыс тоқтап, тұз өндірушілер тың телімге көшті. Кенішті игеруге 100 млн теңгедей қаражат жұмсалды. Мұнда жаңа техникалар, заманауи кен байыту құрылғылары әкелінген. Есесіне кеніш қоры 3 млн тоннаға дейін ұлғайды. Нәтижесінде өндіріс көлемі 1,5 есе артады деп жоспарланған.
Өткен жылы тұзөндірушілер Тұздысор кенішіне барлау жұмыстарын жүргізген еді. Кәсіпорын жер қойнауын пайдалану құқығына ие болды. Ендігі мақсат – жаңа өндіріс орындарын ашу. Бұл қадам өндіріс экономикасына елеулі пайда әкелмек.

Ислам АСПАНДИЯР

803 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы