• Өндіріс
  • 17 Тамыз, 2016

КЕНДІ ӨЛКЕДЕГІ ҚАРЫШТЫ ҚАДАМДАР

Қарағанды облысында өміршең жобалар жүзеге асуда

Облыста қазіргі кезеңде индустрияландыру картасы жобаларының 90 пайызы жобалық қуатына көшті. Облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметтері бойынша аймақта индустриялық карта бойынша 73 жоба  жүзеге асты, оның 54-і жобалық қуатпен жұмыс жасауда.

Бүгінгі  таңда Қарағанды облысынан Индустрияландыру картасына жалпы құны шамамен 1 350 млрд  теңгені құрайтын 94 жоба енді. 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуы  тиіс. 
Өңірлік картада жалпы құны 345,7 млрд теңгені құрайтын 91 жоба енді. Ол жүзеге асқан жағдайда 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Обыстық өнеркәсп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметі бойынша аймақта құны 174,7 млрд теңге тұратын 71 жоба жүзеге асты, 5345 жаңа жұмыс орны ашылады.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында  2015-2019 жылдары облыста жалпы құны 1,2 трлн теңгенің 36 жобасы іске қосылды. 6 600 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 33-і өңірлік, сомасы 222,7 млрд теңге, шамамен 3 600 жаңа жұмыс орны құрылады. 2016 жылы сомасы  101 млрд теңгеден асатын  Кәсіпкерлікті қолдау картасының 10 жобасын жүзеге асыру көзделген.  884 жаңа жұмыс орны құрылмақ. 

Ибраш ТҰРЫМБЕТ

 

 

704 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы