• Өндіріс
  • 08 Қыркүйек, 2016

ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАҒЫ ЖОБАЛАР

Мұндағы кәсіпорындар 77 млрд теңгенің өнімін өндірген

«Оңтүстік» ИА кәсіпорындары 77 млрд теңгенің өнімін өндіргені туралы мәлімет аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Оны журналистерге «Оңтүстік» индустриалды аймақ дирекциясының директоры Мұхтар Тұрабеков жеткізді.

2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында аймақтағы жалпы өндіріс көлемі 10,1 млрд теңге қаржыны құрап, ондағы кәсіпорындардың бюджетке келтірген пайдасының жалпы сомасы 740 млн теңге болған. Ал индустриалды аймақ ашылған 6 жылдағы кәсіпорындардың мемлекет қазынасына қосқан үлесі 5,3 млрд теңгені құрап отыр.
– Басқарушы компанияның 2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша электр қуаты, су сату және инженерлік қызмет арқылы 34,4 млн теңге пайда тауып, өткен 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 68 пайызға өсті, – деді М.Тұрабеков.
Баспасөз мәслихатында ол облыстағы барлық индустриалды аймақтарда құны 186 млрд теңгені құрайтын 160 инвестициялық жобаның 11976 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бергенін айтып, оның ішінде, 80 жоба облысымыздың аудандары мен қалаларында орналасқанын жеткізді.
Бүгінгі таңда аймақта 160 жобаның 52-уі жүзеге асқан болса («Оңтүстік» ИА-да 39 жоба және аудандарда 13 жоба), қалған 108 жоба алдағы екі жыл ішінде іске қосылатын болады.
Осы жылдың соңына дейін 24 жобаны іске қосу жоспарланса («Оңтүстік» ИА-да 17 жоба, қалалар және аудандарда 7 жоба), 2017 жылы – 84 жобаны («Оңтүстік» ИА-да 24 жоба, қалалар және аудандарда 60 жоба) жүзеге асыру көзделуде.
Осылайша, екі жыл ішінде, ашылған 108 жоба шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысында 8079 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 151,8 млрд теңге инвестиция экономика айналымына тартылады деп күтілуде.

Ислам Асфендияр

 

 

646 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы