• Өндіріс
  • 13 Қазан, 2016

Жаңа зертхана ашылды

Қарасай аудандық емханасының базасында «Олимп КДЗ» ЖШС-мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Жоғары технологиялы зертханалық диагностика орталығы ашылды. Енді аудан тұрғындары мен емделушілерге анализ тапсыру үшін ұзын-сонар кезекке тұрудың немесе басқа қалаға барудың қажеті жоқ. Жаңа жекеменшік орталық қаржы мен уақытты үнемдейді, анализдің нәтижелерін алу да ыңғайлы болмақ.

«Орталық дәрігерлер мен емделушілер үшін зертханалық зерттеулерді үздіксіз орындауды қамтамасыз етеді, заманауи автоматтандырылған құрылғы зерттеу сапасын 3 деңгей­лі бақылауға мүмкіндік береді. Мем­лекеттік-жекеменшік серік­тес­тіктің басты пайдасы – аудан тұрғын­дары мен дәрігерлері бюджет қаражатын үнемдей отырып, көптеген сапалы зерт­ханалық қызмет түрлеріне қол жеткізеді, диагностика мен науқастарды емдеу дең­гейі артады», – дейді бас директор Ерлан Сүлейменов.

Атап өтерлігі, «Олимп» клиника­лық-диагностикалық зертханалар желі­сі меди­циналық қызмет көрсету нары­ғында 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы жеке­меншік зерханалардың ішін­дегі көш­басшысы. Зертхана­ның 14 облыста және респуб­ликалық маңызы бар 2 қалада филиалдары бар. 2014 жылдан бері компания ISO халықаралық сапа стандарты бойынша аккредиттелген. Тағы бір үлкен артықшылығы – емделушіні ем алуға шетелге жіберген жағдайда, компания нәтижелерді қо­сым­ша төлемдерсіз ұсына алады. Бүгін­де емделушілер үшін 2000-нан астам зерттеу қолжетімді. «Олимп» зертханасы Synlab, Limbach, Centogene сияқты ірі еуропалық зертханалармен және Ресейдегі Қорған облысының «Молекулярлы-генетикалық сараптама орта­лығымен» тығыз байланыста.
Аталған жоба аясында заманауи зертханалық құрал-жаб­дықтары бар және бағдарламалық жағынан қам­тамасыз етіл­ген орталықтандырыл­ған меди­ци­на­лық зертхана құрыла­ды. Ол кейін ком­­па­нияның сенімді бас­қаруына бері­леді. «Олимптің» бұл жағынан жақсы тәжірибесі бар. 2010 жылдан бері Қара­ғанды қаласын­дағы барлық амбула­то­риялық зертха­налық қызметтер табысты түрде орталық­тан­дырылды.
«МЖС шеңберінде әріптестіктен халық қана емес, мемлекет те пайда көреді. Өйткені аудандық аурухана бизнеспен әріптестік орнату арқылы инфрақұрылымдарға инвестициялар тартады, анализаторлар паркін заманауи модульді жүйелермен жаңартады. Ол зерттеулер аймағын кеңейтуге және заманауи жоғары ақпараттық тестілер енгізуге мүмкіндік береді. Олар дәрігерлер мен емделушілерге диагностика мен емдеу сапасын арттыруға қажет. Мұндай серіктестік жөндеу жұ­мыс­тарына, құрал-жабдықтарды ұс­тау­ға, реагенттер сатып алуға кететін шығын­дарды азайтып, штаттың жұмы­сын тездетіп, Қарасай ауданы орталық аудандық аураханасының еңбекақы қорын үнемдейді», – деп атап өтті бас директор Ерлан Сүлейменов.

Диас БЕЙСЕНБЕК

 

595 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы