• Өндіріс
  • 13 Қазан, 2016

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ МҰРАТТЫ ЖОБАЛАРЫ немесе Елбасы нұсқаған басым бағыттар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 1 шілдесінде Индустрияландыру күніне байланысты өткен жиында халықты жұмыспен тиім­ді қамтудың шеңберінде мына төмендегі ба­ғыт­тар бойына атқарылатын негізгі міндеттерді айқын­дап берді:


– Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
– Ауыл шаруашылығы кооперативтерін ынталандыру;
– Ирригация және суландыру жүйелерін же­тілдіру;
– Халықты қолжетімді тұрғын үйлермен қам­тамасыз ету;
– Бағалы импорт ауыстырудың индустри­ал­ды-ин­новациялық жобаларын жүзеге асыру.

1. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ШАҒЫН НЕСИЕЛЕУ БОЙЫНША

Бүгінгі күнге барлық көздердің есебінен 120,2 млрд. теңгенің (2015 жылғы мәлімет) 556 мың шағын несиелері бөлінді, олардың ішінде кәсіпкерлік мақсатына 64,6 млрд. теңге соманың 138 мың шағын несиелері бағытталынды. Осы арқылы шағын қаржылық ұйымдардың несиелік портфелінің 98,3 пайызы (452 млрд. теңге) қалаларға жұмылдырылған, жергілікті жердің барлық үлесі 1,2 пайызды (8 млрд. теңгені) құрайды.
Мемлекеттік қолдау түріндегі шағын несиелер Жұмыспен қамту-2020, Бизнестің жол картасы-2020, Агробизнес-2020 секілді бағдарламалар негізінен селолардағы жұмыстарды көркейтуге жұмылдырылған.
Өз кезегінде «Жол картасы-2020» бағдар­ламасының шеңберінде ауыл шаруашылығына 90 пайыздың үстінде шағын несиелер беріледі.
Осыған байланысты аталған жұмыс түрі Ауыл шаруашылығы министрлігінде сөз болғандай, жаңа саясатқа орай ақпараттандыруды мақсатты түрде талап етеді. Екінші деңгейдегі банк және шағын қаржылық ұйымдардың инфрақұрылымдары ар­қылы ірі қалалардың бизнесі үшін шағын несиелеуге мүмкіндік беріледі, оларды жергілікті жерлерде және қалаларда бірыңғай операторлар арқылы жүзеге асыру және қалаларда 616 млн. теңгеге дейін шағын несиелендірудің бірыңғай мөлшерін орнату, кепілдендірілген шағын несиелер бағдарламасын, жүзеге асыру, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры АҚ мониторингі жүйесі анологы бойынша бизнес жобалары есебі жүйе­сімен үлгілеу ұсынылады.
Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша селодағы кәсіпкерлік қызметті шағын несиелендіруге ауыл шаруашылығы жүйесі корпорациясына жеке қосалқы шаруашылықтарды тартуды айқындау, дайындау орталықтарын (ет, сүт өндіру, өсімдік шаруашылығы бойынша) құру жұмыстары ұсынылады. Осымен қатар, жаппай тиімділікке қол жеткізу үшін селодағы шағын несиелендіруді ауыл шаруашылығы кешеніндегі жалпы даму бойынша біріктіру, сондай-ақ, қа­лаларда шағын несие беруді жергілікті жердегі деңгейге көтеру қажет. Осыған байланысты, аталмыш бағдарламаға аймақтардағы әкімдердің ша­ғын несиелендіру бағдарламасын жасауға және оны жүзеге асыруға белсенді түрде қатыстырудың маңызы зор.

2. ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША

Тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешу мақса­тында Мемлекет басшысы таяудағы 15 жылдың ішінде сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй және тұрғын үй құрылысы жинақтау жүйелері механизмдері арқылы 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысын салуды тапсырды.
Бұл қойылған тапсырмаға қол жеткізу үшін «Бәйтерек» ҰБХ АҚ-на  «КИК» иннова­циялық қоғамы АҚ-ның еншілес ұйым­дарымен бірге са­тып алусыз жалға берілетін тұрғын үйлер құ­рылысын және тұрғын үй құрылысы жинақтау банкісі бойынша несиелік тұрғын үйлерді сатып алуды қамтамасыз ету үшін бірыңғай оператор болуды ұсынады. Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйлер халықтың неғұрлым әлеуметтік жағдайы төмен бөлігіне ұсынылады.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 10 ақпанындағы тапсырмасының шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй құрылысын бастап кетті және мұндай тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан 20 жылдың ішінде қайтарымға жататын негіздегі қаржы бөлінді.
Осыған байланысты сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйдің басталған құрылысының мақсатты бағытталуын өзгерту ұсынылады және оның ұзақ мерзім бойы қайтарымды болуы еске алынып, бөлінген қаржының қайтарылу мерзімі 60 жыл болып белгіленді.
Өз кезегінде несиелік тұрғын үй құрылысы тұрғын үйді қажет ететіндерді тұрғын үй құрылысын жинақтаудың құралдарына ынталандыруға бағыт­талатын болады.Тұрғын үй құрылысы жинақтау жүйесін дамыту азаматтарға тұрғын үй құрылысы жинақтау банкісінен алдын-ала жинақтаусыз тұрғын үй сатып алуға заемдар алуға мүмкіндік береді. (Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, 2018 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ «Даму» қоры арқылы бөлінген 97 млрд. теңге несиелік тұрғын үй құрылысына қайта бағыт­талатын болады).
Мұнымен қатар, инженерлік-коммуникация­лық инфрақұрылымдарды жүргізудің жолымен жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі қолдау жұ­мы­сы жалғастырылады.

3. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жобалардың қажетін қаржыландыру 
бойынша

2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарлама­сының белсенділігін арттырудың шеңберінде бюджеттегі инвестицияның қажеттілігі 1 трлн. теңгені қүрайды, бүгінгі таңда оның 600 млрд. теңгесі Республикалық бюджет комиссиясында қолдау тапты.
Индустриялық-инновациялық дамудың ме­мем­­­ле­кеттік бағдарламасының талаптарын қам­­тама­­сыз ету үшін инновациялық жобаларды, экспорттық және лизингтік операцияларды қар­жыландырудың мынадай оң тәжірибесі: Ұлттық қордың есебінен ұзақ мерзімдік теңгелей қаржыландырылуын жасақтау және Қазақстан даму банкі қаржысын тарту ұсынылады. Бұлар өз кезегінде 225 млрд. теңге сомасындағы аса үлкен индустриялық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

4. Ирригациялық және 
суландыру жүйелерін дамыту бойынша

Суармалы жерлерді дренаждау және ирри­га­ция­лық жүйелерді қалпына келтіру мақса­тында үстіміздегі жылдың маусым айында рес­публика­ның Ауыл шаруашылығы және Ұлт­тық экономика министрліктері жалпы сомасы 106 млрд. теңгені (314,1 млн. АҚШ доллары) құрайтын жобаларды мемлекеттік кепілмен жүзеге асырудың біріккен іс-шаралар жоспарын қабылдады. Бұл ағымдағы жылы 4 облыстағы (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе) 183,4 мың гектар жер жобаларын жүзеге асыруды бастауға мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар, жобаларды жүзеге асыру­дың тиімділігін қамтамасыз ету үшін суды пайдалану­дың тарифтік саясатын қайта қарау бойынша жұ­мыс жүргізілуде.

5. Жеке қосалқы шаруашылықтар арасында 
кооперацияны дамыту

Жеке қосалқы шаруашылықтар өндірісінде өз өнімдерін сақтау, қайта өңдеу және тұтынудың мүмкіндіктері өз дәрежесінде болып отырған жоқ. Өндіріс қызметінде орталықтандыруды ұйым­дас­тыру және ауыл шарушылығы өнімдерін тұты­ну мақсатында мұндай шаруашылықтарда коопе­ративтерді барынша дамыту қажет.
Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі сақтау жүйелерін құру, қайта өңдеу, жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін тұтыну бойынша іс-шараларды қаржыландырудың талаптарын айқындап, Қаржы министрлігіне ағымдағы жылға және алдағы үш жыл кезеңге тиісті бюджеттік тапсырыстарды енгізулері керек.

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ

608 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы