• Өндіріс
  • 02 Қараша, 2016

«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ҚАРЫШТЫ ҚАДАМЫ

Корпорация 9 айда катодтық эквивалентті есеппен 163, 8 мың тонна мыс өндірді

«Қазақмыс»  корпорациясы – Қазақстандағы  пайдалы  қазбаларды өндіру және өңдеу  жұмыстарын  жүргізудегі  алдыңғы  қатардағы компания  болып есептеледі. Сонымен  бірге еліміздегі мыс  өндіру  алыбы. Компания құрамында 11  кеніш, 4 кент байыту  фабрикасы, 2  мыс қорыту зауыты және  2 көмір кеніші жұмыс істейді. 
Әлемнің көп жеріне әйгілі алып  мыс компаниясы кен өндіру орындары  мен  оны  сату  деңгейіне  дейін  жеткізетін өндіріс  орындарын  басқарады. Өт­кен  жылы катодтық  эквивалентте 223,0  мың  тонна мыс және 3040 кг сом  алтын  өндірілді. «Қазақмыс» – дүниежүзінде  күміс өндіруден алдыңғы  қатардағы өндіріс ошағы. Өткен  жылы 274 тонна таза  күміс өндірілді.

Корпорация  өндіріс  ошақтарына  және  сол өндір­іс ошақтары орналастырылған аймақтарға қажетті  электр қуатын  да  қамтамасыз етеді. Компанияның   құ­ра­мында 36 500-дей  адам  еңбек  етеді. 
Еліміздегі ірі өндіріс алаңында үстіміздегі жылға белгіленген жоспарлы тапсырмалар абыроймен орындалып келеді. Жақында ғана «Қазақмыс» компаниясы еңбек өнімділігін есептеп, 2016 жылдың 9 айының қорытындысын шығарды. Осы жылдың тоғыз айындағы есеп  бойынша  «Қазақмыс» корпора­циясы» ЖШС катодтық  эквива­лентті есеппен 163,8 мың  тонна мыс өндірді. Бұл көрсеткіш  өткен  жылғы осы  уақытпен   салыстырғанда 3,4 мың тоннаға  (+2%) артық. 
Ортақ көрсеткіш бойынша 9 ай бойы алынған кеннің  құрамындағы мыстың  көлемі 0,95 пайыз болды. Бұл өткен жылдың 9 айы ішінде алынған кендегі мыс көлемінен 0,88 пайыз және жоспарланған көлемнен 9 пайыз артық  болды. 2016  жылдың  9 айы бойынша Қазақмыстың  байыту  фабрикалары  22,1 миллион тонна кен өңдеді. Биылғы  жылы «Қазақмыс»  корпорациясы» ЖШС 224,4 мың  тонна катодтық  эквивалентті  мыс  өндіруді  жоспарлап  отыр.
Корпорация биылғы жылдың өндірістік бағдарла­маларын уақтылы жүзеге асыруды жоспарлауда. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар қазіргі таңда кәсіпорын мамандары 2017 жылдың инвестициялық және өндірістік жоспарларын жасап жатыр.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышевтің мәлімдеуінше, алдағы жылдың негізгі мәселесі – алып өндіріс орнында адамдарға қолайлы еңбек жағдайын жасау, кәсіпорындардағы кейбір апатты  жағдайлардың алдын алу және геологиялық барлау жұмыстарын енгізу болып табылады.

Ислам Асфендияр

521 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы