• Бизнес & Қоғам
  • 05 Сәуір, 2012

Қос диплом бағдарламасы табысты жүзеге асуда

Қос диплом бағдарламалары халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бір мезгілде екі диплом алу арқылы студенттердің өз академиялық білімін тереңдетіп, мәдениетаралық алмасуға қатысып, кәсіби мансап жолында кең мүмкіндіктер ашылады.

2009 жылы 10 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Францияның Роберта Шуман атындағы Университеті және «Страсбург менеджмент мектебі» бизнес – мектебі арасында ынтымақтастық Меморандумға отыру аясында бакалавриат және магистратура бөлімдері бойынша қос дипломды бағдарлама жүзеге асырыла бастады. Қос дипломға қол жеткізу үшін Францияға оқуға студенттер жіберілді.

2010-2011 оқу жылында «Страсбург менеджмент мектебі» бизнес – мектебіне Экономика және бизнес жоғары мектебінен 2 студент: Аманбекова Айгерім («Қаржы» мамандығынан), Жармухамедов Ұлан («Мемлекеттік және жергілікті басқару»мамандығынан) жіберілді. Аты аталған студенттер ағылшын тілінен тестілеуден табысты өтіп, 3 курсқа қабылданды. Бір мезгілде екі ЖОО-да білім алу арқылы студенттердің өз академиялық білімін тереңдетіп, мәдениетаралық алмасуға қатысып, кәсіби мамандану бойынша 3 модулдік 19 пәннен тұратын бағдарлама аясында емтиханнан мүдірмей өтті. Студенттерге «Европалық менеджмент» мамандығының бакалавр дәрежесін берді. Страсбург Университетінен 27 қаңтар 2012 жылы арнайы жіберлген дипломдар бүгінде студенттерге салтанатты түрде табысталды.

Бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің 4 курсында оқуларын жалғастыруда.

Студенттер «Еуразиялық банк» өткізген конкурс жеңімпаздары атанды.

Еуразиялық банк Акционерлік Қоғамы Басқармасының Төрағасы – М.Д.Эгглтон әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры, профессор Ғ.М.Мұтановқа Экономика және бизнес Жоғары мектебінің студенттерінің «Талдаушы-2012» конкурсына қатысып, жүлделі орын алуымен құттықтау хат жолдады.

Банк қаржыландырған сәтті жобалары, ақпан айында өткен конкурсқа қатысқан «Экономика» мамандығының студенттері - Н.Муканов, А.Алпысбек, Ж.Искендирова, Д.Аубакирова, Г.Хасеновалардың сайыста көрсеткен білімді, кәсіби жоғары білімдеріне тоқталып, келешекте «Жеңіс» командасының мүшелеріне банктен тәжірибеден өтуге мүмкіншілікке е болғандары туралы айтып өтті.

Еуразиялық банк Акционерлік Қоғамы Басқармасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің студенттерінің еңбегі бағаланып, осы жоғары оқу орныныан конкурска катысқан – «Жеңіс» командасы 1 орын, «Поколения рынка» және «UNIQUE» командалары 3 орынды иеленгені үшін серитификаттар және бағалы сыйлықтар берілгенін хабарлады.

Банк басқармасы келешекте әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттерімен тығыз байланыс жасап, мамандар қатарын толтыру мақсатында қызметке шақыратындығын хабарлады.

Г.А.САДЫХАНОВА, Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары

796 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы