• Өндіріс
  • 02 Қараша, 2016

ӨРКЕНІ ӨСКЕН ӨҢІР

Созақ ауданының  өнеркәсіп саласында  өрлеу бар

Бір кездері жапан далада іргесі қаланып, ірі елді мекенге айналған Созақ ауданының бет-бейнесінде бүгінде үлкен өзгерістер бар. Тарихы, шежіресі бай, қазыналы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму өрісі  кеңейіп келеді. Ауданның өнеркәсіп саласында да ілгерілеушіліктер бар. Бұған жалпы елдегі жүргізіліп жатқан  жаңа индустрияландыру  саясаты да игі әсер етуде.

Қазіргі таңда аудан көлемінде «Таукент тау-химиялық кәсіпорны» ЖШС, «Ыңғай» БК» ЖШС, «Катко» БК», «Бетпақ-дала» БК» ЖШС, «Теріскей» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Аппақ» ЖШС, «Орталық қазып шығаратын кәсіпорны» ЖШС секілді ірі және орта өндірістік кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеп келеді. 
Сонымен қатар, құрылыстық, өндірістік және тау кен өндірісінде қызмет көрсету бағытындағы «Техноэнергосервис» ЖШС филиалы, «Шымкентдорстрой» ӨК, «Созақ тұз» ЖШС, «Қаратау» ЖШС жұмыс атқарып келеді. Жоғарыда аталған өнеркәсіптік кә­сіпорындардың жігерлі іс-қимылдарының нәтиже­сін­де өнеркәсіп өнімінің көлемі артты. 
Өнеркәсіпте жаңа өндірістерді іске қосу есе­бінен және аудан экономикасының өсу резерв­терін тиімді пайдалану арқылы өнеркәсіп өнімінің көлемін өсіру көзделуде. Аудан өнеркәсібі тек қана уран өндіруші кәсіпорындарға тәуелді болып қалмау үшін индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бағытында төрт жаңа  индустриалды аймақ құрылды. Индустриалды ай­мақта жалпы құны 866,6 млн теңгені  құрайтын 4 жоба іс жүзіне асырылды, алдағы уақытта жалпы құны 5 550 млн теңгені құрайтын тағы бір жобаны іске қосу  жоспарлануда. Бұдан бөлек, ауданның Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 18 583 млн теңгені құрайтын  2 жобаны жүзеге асыру көзделуде. 
Индустрияландыру картасындағы және Индус­триалды аймаққа енгізілетін жобаларға өзектендіру процесі жыл сайын жүргізілетіндігін ескерсек, бұл көрсеткіш өзгеріп, жоба саны мен инвестиция көлемі артатын болады. Сөйтіп, Созақ ауданының өнеркәсібі дамудың жоғары сатысына көтеріле түспек.

Ибраш тұрымбет

723 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы