• Өндіріс
  • 10 Қараша, 2016

АЛҒАШҚЫ «ЖАСЫЛ» ЗАУЫТ

Алпыс мың тоннаға дейін қалдық өңдейтін болады

Елімізде алғашқы «жасыл» зауыт құрылысы басталды. Бұл жаңалық Ақмола облысының Арнасай ауылында болды. Осы елді мекенде «жасыл» энергия және органикалық тыңайтқыштар алумен ҚТҚ және ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын өңдеу зауытының құрылысы орнында алғашқы тас қалау рәсімі өтті.

Зауыт құрылысын 2017 жылғы сәуір соңында аяқтау жоспарлануда. Алғашқы «жасыл» зауыт 60 мың тоннаға дейін қалдық өңдейтін болады. Зауыт ауданы 11 гектар алқапты құрайды. Жоба «ECONEP» Қазақстан-Герман кәсіпорнының сүйемелдеуімен, шетелдік инвестордың қаражаты есебінен іске асырылады.
Кәсіпорынның инвестициялауы 10 млн.  еуроны құрайды. Зауыттың негізгі функциясы кейіннен «жасыл» энергия шығара отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) және ауылшаруашылығы өндірісі қалдықтарын өңдеу болып табылады.
«Бұл компания АҚШ, Болгария, Польша, Жапония, Бразилия, Сингапур сияқты елдерде 800 зауыт салған. Бүгінде зауытқа 65 жыл толып отыр, Қазақстандағы осы зауыт бұл компанияның ТМД аумағындағы алғашқы зауыты болады», – деп атап өтті «Жасыл экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция» ЗТБ басқармасының төрағасы Салтанат Рахымбекова.
Одан басқа, іс-шарада Аршалы ауданының әкімдігі, WSK ECO GmbH неміс компаниясы және «Жасыл экономиканы және G-Global дамуын қолдаушы коалиция» ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Ибраш Тұрымбет

756 рет

көрсетілді

39

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы