• Қаржы
  • 17 Қараша, 2016

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ескерткіш монета таныстырылды

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы 
Данияр Ақышев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: ұлттық валюта» конференциясында сөз сөйлей отырып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жаңа ескерткіш монетаны шығару туралы хабарлады.

«Биыл біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Бұл – ерекше күн. Бұл – өткенімізге көз тастап, жетістіктеріміз бен жеңістерімізді бағалайтын уақыт. Атқарғанымыз да көп, өзгерістер де көп. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалды. Бұл – халқымыз, оның қуаты мен бірлігі, даналығы мен көрегендігі, төзімі мен түсіністігі» - деп атап өтті Д.Ақышев.
Ол бұл ескерткіш монетаның негізінде Мәңгілік Ел идеясы жатқанын айтып берді. «Мәңгілік Елдің мызғымас негіздерінің бірі – жалпыұлттық ынтымақ, келісім мен бейбітшілік. Отанымыз бір – ол Тәуелсіз Қазақстан, Еліміз бір – Тағдырымыз бір. Ынтымақ пен келісімге адал халық мыңдаған жылдар бойы тіршілік ете бермек», – деп түсіндірді Д.Ақышев.25 лет незав 25 оз аверс copy
Ұлттық банк төрағасы ескерткіш монетаның ҚР Тұңғыш Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Күніне орай айналысқа шығарылатынын айтты.
Ескерткіш монета туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі роликтер ҚР Ұлттық банкінің Facebook-тегі ресми парағында орналастырылған.

525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы