• Қаржы
  • 17 Қараша, 2016

Нұрсұлтан назарбаев бейнеленген купюра айналысқа шығады

Қазақстан Ұлттық банкі Тұңғыш Президент күніне орай 2016 жылғы 1 желтоқсанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіш банкнотты айналысқа шығарады. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен конференцияда сөз сөйлеген кезде хабарлады.

«Тәуелсіздік тарихы Елбасының жеке басымен тікелей байланысты, – деді Д. Ақышев. – Сондықтан да Ұлттық банк Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Президентіміздің ел дамуына қосқан үлесін көрсететін мерейтойлық банкнотты ұсынып отыр».

ddf777e7be3796e3901c861142ff98b996976a518a3f74dc43bacbbb902aaf97
«Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі болып табылады, оның пікіріне құлақ асып, онымен санасады, – деп жалғастырды Д.Ақышев. – Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы бүкіл жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты».
Оның айтуынша, «егемендік алу, мемлекеттік рәміздерді бекіту, нарықтық экономикаға көшу және халықаралық қоғамдастықта танылу – Мемлекет басшысы бастаған жолдың басындағы қажырлы еңбектің бір бөлігі ғана».
Ол «банкноттарда портреттерді бейнелеу жаңалық емес. Бұл – елдің өміріне аса маңызды үлес қосқан тұлғалардың бейнесін орналастыру арқылы мемлекеттілік идеясын көрсетудің ең жарқын, әдеттегі әрі түсінікті формасы» екендігін атап өтті. «Нельсон Мандела, Мұстафа Кемаль Ататүрік, Ли Куан Ю, Уинстон Черчилль және басқа да әлемдік деңгейдегі көшбасшылар елдерінің қазіргі заманғы купюраларында бейнеленген».
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейнесі бар бұл банкнот осы қатарда өзінің лайықты орнын алады деп сенемін», – деді Д. Ақышев ҚРҰБ-ның жаңа мерейтойлық өнімін таныстыру барысында.
Ол Президенттің өзі 1993 жылы Қазақстанның ұлттық валютасы қалыптасқан кезде алғашқы банкноттардың дизайнын айқындағанын атап өтті. «Бұл функция Мемлекет басшысының айрықша құзыреті ретінде қалып отыр», – деді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы.

 

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы