• Өндіріс
  • 24 Қараша, 2016

ЖІБЕК ЖОЛЫНДА ОРНАЛАСҚАН ЗАУЫТ

Мұнда жылына 300 тоннаға дейін полиэтилен пленкалары шығарылады

Жамбыл облысындағы «Полиэтилен Агро» зауыты жылына 300 тоннаға дейін өнім шығарады. Индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында 2015 жылы Таразда іске қосылған зауыт негізінен полиэтилен пленкаларын шығарады.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша 40,6 млн. теңгеге – жол салу, газдандыру, электр желісі және су құбыры тартылды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Серіктестік бау-бақша егетін шаруалардың қажеттілігін қамтып отыр. Серіктестік шығаратын тауар – пленкалар мен полиэтилен жіп. Мұндағы ені 10 метрлік пленкалар негізінен бау-бақшаға, яғни жылыжайларға арналып шығарылады. Сонымен қатар, пленкаларды азық-түлік өндірушілер тағамдардың тазалығын сақтау үшін өнімді қаптауға пайдаланады. Сол секілді полиэтилен жіптерін де көбінесе ауылшаруашылығы бағытына қолданылады.
Таза пленкаларды, азық-түлік қаптамаларын шығарғанда қалатын қалдық өнімдерді қайта өңдеп, құрылысқа қажетті материал дайындайды. Яғни, көлемді шығарылатын қоңырқай түсті пленкаларды құрылыста сыз өткізбейтін төсеніш ретінде қолданады. Серіктестікте өндіріс орнынан шыққан қалдықты пайдаға жарату көзделген. Пленканың енін 10 метр етіп шығаратын құрылғы Қытайдан әкелінді.
Тараздағы бұл зауыт көп жерлерге бұрыннан мәлім  Оның құрылысы Жібек жолының, бүгінгі үлкен күре жолының бойына салынған. Себебі, бұл жол талай елді жалғап жатыр және оңтүстік өңірінің орталығы секілді. Яғни, тұтынушыларға да оңтайлы болуы қарастырылған. Ауыл шаруашылығы тауарларының 80 пайызы оңтүстік аймақта өндірілетіндіктен, зауыт осы аймаққа орын тепкен. Мұнда жылына 300 тоннаға дейін өнім шығарылады. Алдымен тағамдар қаптамасына, ауыл шаруашылығы бағытына қажетті таза, өте көлемді пленкаларды шығарылады. Одан шыққан қалдықтарды қайта өңдеп, полиэтилен жібі өндіріледі. Сол жіптерден қоңырқай түсті пленкалар шығарылады. Оны жол салғанда, ғимарат тұрғызғанда астына төсеуге қолданады.

Өндіріс ешбір қалдықсыз жұмыс істейді. Ал шикізат Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдерінен алып келінеді. Қазір 50 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестікте жұмыс қарқыны бәсеңдемей, өнім өрісі арта түскен. Зауыт алдағы уақытта өндірістің жұмысын кеңейтетін болады.

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ

553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы