• Бизнес & Қоғам
  • 15 Қыркүйек, 2011

«ШЕМАЗАТ» бағындырған шың. Мақпал САҒЫНДЫҚ

Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан Рудный қаласы жер қойнауының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл жерде адам ағзасына пайдалы өнімдер молынан өндіріледі. Аймақта орналасқан «Шемазат» ЖШС таза, мөлдір су және емдік шөптермен қатар, дәмді ет өнімдерін өндіруге мол мүмкіндік беруде.

Кәсіпорынның тарихына көз жүгіртер болсақ, «Лениногор ет комбинаты» Семей ет консерві комбинатының мал соятын пунктінің негізінде құрылған болатын. Кәсіпорынның бастапқы жұмысы қыза бастағаннан соң, өндіріс ошағы да біртіндеп кеңейе түсті. Осылайша, жұмыстың жан-жақты өрлеуінің арқасында 1936 жылы ет-май кешені салынса, 1938 жылы тоңазытқышсыз шұжық цехы іске қосылды. Шаруашылық әдісімен салынған тоңазытқыш 1956 жылы іске қосылып, ет өңімдерінің көлемі едәуір көбейді. Халықтың ет өнімділігіне деген сұранысы күннен-күнге артып, 1979 жылы заман талаптарына сай құрылғымен жабдықталған жаңа ет комбинаттың тұсаукесері болды. Бұл мекеменің жобалық қуаты күніне ет өндіруден 50 тоннаға дейін, шұжық өнімдері ауысымға 5 тоннаға дейін, өнімдерді мұздату бойынша 76 тонна және мұздатқыш камераларында етті бір жолғы сақталуы 2096 тоннаға дейін жетті.

«Шемазаттың» бастапқыдағы өндірістік қуаттылығы 8 тонна ет пен шұжық өнімдері 1,2 тоннаны құраған-ды. Араға жиырма жыл уақыт салып, яғни 1976 жылы кәсіпорынға жаңа технологияның түрлі құрал-жабдықтары сатып алынды. Нәтижесінде «Лениногор ет комбинатының» қуаттылығы бір ауысым бойынша ет өндіру 19 тоннаға, шұжық өнімі 3 тоннаға дейін жетті! Бүгінгі уақытта кәсіпорын өндірістің мына түрлерін сатылымға шығарып отыр: ет өнімдері, ыстамалар, қара бидай ұнынан жасалған нан-тоқаш өнімдері, балық және кулинарлық өнімдер, толықтырмаларсыз шұжық өндіру.

«Шемазат» өнімдері шығыс аумағындағы - Өскемен мен Семей қалаларынан басқа, Астана рыногында үлкен сұранысқа ие болуда. Өндірілетін тауардың сапасы мен қауіпсіздігі кәсіпорынның химиялық-бактериологиялық зертханасында, Риддер мен Өскемен қалаларының эпидемиялық станцияларында нақты тексерістен өтіп, өнімге қатысты тиісті сертификаттар берілген. Жергілікті аймақтың мал шаруашылығы шикізатын қолдана отырып, кәсіпорынның сапалы, зиянсыз өнімдері шығарылады. Шығыс Қазақстанға қарасты Шемонаиха ауданының шаруашылықтары кәсіпорынға 50 жылдан бері ет жеткізіп берумен айналысып келеді.

«Шемазат» ЖШС өз қызметінде тұтынушылар мүдделерін бірінші орынға қойып, өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне бақылау жасап отырады. 2003 жылғы статистика мәліметіне жүгінер болсақ, өндіріс көлемі 4 пайызға жетсе, 2004 жылғы мәлімет бойынша 12 пайызға өскен екен. Өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ жетілдіру мақсатында Алматы, Мәскеу, Барнауыл мен Новосібір қалаларында, сонымен қатар Германия мен Австрия мемлекеттеріне технологтар, химиялық-бактериологиялық зертханасының мамандары арнайы семинарларға қатысады.

Кәсіпорын өндірілген өнімнің жеткізілу жұмысын да назардан қалдырмай, жіті бақылауында ұстап отырады. Мәселен, өндіріс ошағында баға саясатымен, жарнама қызметі және өнімдердің тұсаукесер рәсімін ұйымдастыратын арнайы маркетинг қызметі құрылған. Ұтымды еңбек арқасында қазіргі уақытта «Шемазаттың» іскери серіктестері мен тұтынушылары өз елімізде ғана емес, сонымен қатар ТМД елдері мен шет мемлекеттерде бар. Кәсіпорын өнімдерінің фирмалық сыртқы орамшасында екі тілде салынған таңбасы жасанды өнім еместігін дәлелдейді. Өндірілген шұжық өнімдерінің тартымды түсі фисографикалық баспаны қолдану арқылы жетті. Сыртқы орамшасы бу мен газ жібермейтіндіктен, шұжық өнімі ұзаққа сақталып қана қоймай, дәмі де сол қалпында сақталады. «Шемазаттың» жоғары сапасы - өндіріс қызметкерлерінің жемісті еңбегінің нәтижесі деп айтуға болады. «Шемазат» ЖШС өз жұмысында өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу арқасында бәсекеге шыдайтын өнімді өндіруге қабілетті тауар өндірушілерінің бірі болып саналады. Шығыс өңірін сапалы дәммен қуантып отырған «Шемазаттың» бағындырар шалқар шыңы әрдайым шыңдала бермек деген сенімдеміз.

542 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы