- Өндіріс
- 26 Қаңтар, 2017
ТАЛДЫҚОРҒАН АККУМУЛЯТОРЛАРЫ
Африкада үлкен сұранысқа ие
Талдықорғанның «Қайнар АКБ» зауыты өткен жылы «BARS» маркалы аккумуляторлар шығаруда озық көрсеткіштерге қол жеткізген болатын. Зауыт ұжымы өз табыстарын сонда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына лайықты тарту еткен болатын. Жаңа 2017 жылы да осы қарқыннан таймау – кәсіпорынның басты мұратына айналып отыр.
Мақтаулы кәсіпорын бүгінде республика аймағындағы тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандырып қоймай, өз өнімдерін алыс шетелдерге, атап айтқанда, Африка, Қытай, Германия, тағы басқа да мемлекеттерге экспортқа шығару бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізуде.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің мәлімдеуінше, Талдықорғанның «Қайнар АКБ» аккумулятор жасау зауыты 2016 жылғы өнімінің басым бөлігін экспортқа жөнелтті. Осы елдермен қатар қазақстандық аккумуляторлар Қытайда, Африкада, тіпті Германияда сатылған. 2017 жылы тапсырыс көлемі бұрынғыдан едәуір көбейген. Осыған орай зауыт өз өнімдерін өткізу бағытындағы жұмыстарын да ширата түсуде. «Қазақстандық тауар сатып алыңыздар!» – деп жазды әкімнің орынбасары Фейсбуктегі жеке парақшасында. Мақсат – сапалы өнімді қол жетімді ету. Нарық заманы батыл іс әрекетті, өзі шығарған өнім үшін күресуді талап етеді.

797 рет
көрсетілді4
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Дана
17 Тамыз, 2020Бұл жақсы жұмыстардың оң нәтижесі болатынын көрсететін дәлел. Зауытқа ары қарай да осы қарқында жұмыс атқаруды тілейміз.
Манат
17 Тамыз, 2020Жақсы болған екен. Зауыт ұжымы үшін қуаныштымыз.
Марал
17 Тамыз, 20202017 жыл да зауыт ұжымы үшін табысты болсын.
Марал
17 Тамыз, 2020Демек, сапасы өте жақсы. Сұраныстың жоғарылығы осыдан.