• Өндіріс
  • 23 Ақпан, 2017

ЕТ ПЕН СҮТ ӨНІМДЕРІ МОЛАЯ ТҮСУДЕ

Жамбыл ауданында Ұлт жоспарындағы   қадамдарға сай нақты жұмыстар жүргізілуде

Алматы облысының Жамбыл ауданында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60 және 61 қадамдарында сүт пен ет өндірісін дамыту жөнінде тапсырмаларды орындау бағытында жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Өткен жылы 21 мың 913 тонна ет, 39 мың 668 тонна сүт өндіріліп, жоспар асыра орындалды. Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев өзінің тұрғындар алдында биылғы жылғы алғашқы есеп беру жиынында айтты.

Ж.Далабаевтың айтуынша, өңірдегі 3 мың басқа арналған «Империя Фуд» ЖШС-ның мал санын алдағы уақытта 10 мыңға дейін арттыру көзделуде. Оған қоса қуаттылығы 5000 тонналық, жалпы құны 288 млн. теңгелік астық қоймасын салу жұмыстары жүргізілуде. Оның 224 млн. теңгесі – «Казагрофинанс» АҚ-ның, 64 млн. теңгесі – компанияның өз қаржысы. Аталмыш мал бордақылау алаңы бүгінге дейін 2607 бас ірі қара малын бордақылап, 1013 тонна ет, немесе 968 млн. теңгенің өнімін өндірген, ал биылғы жылғы меже – 1,5 мың тонна. Бұл компания Қасымбек ауылында құны 2 млрд. 300 млн. теңге болатын ет өңдеу зауытының құрылысын жүргізуде. Зауыт 2016 жылдың бірінші жартысында іске қосылады.
Сонымен қатар, ауданның Қарақыстақ ауы­лындағы «Табыс» шаруа қожалығы 600 басқа ар­налған, жалпы құны 1 млрд. 780 миллион теңге тұратын тауарлы-сүт  фермасын салып, Украинадан асыл тұқымды сиыр малын сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Шаруашылық толық қуатымен жұмыс істегенде жылына 6,0 мың тонна сүт өндіретін болады. Осыған байланысты аталған кәсіпорын қуаттылығы 5,0 мың тонналық сүт өңдеу зауытын салу жұмысын қолға алды.
Жамбыл ауданы облыс бойынша қой мен ешкі өсіруден 1-інші, ірі қара, жылқы және түйе өсіруден 2-інші, құс саны бойынша 5-інші орын алады.
Жалпы Жамбыл ауданының әкімі Ж.Далабаев пен Теміржол ауылдық округінің әкімі Қ.Баймолдаев­тың тұрғындар алдындағы есеп беру жиыны өзара сын және іскерлік рухында өтті. Жаңа жылдың да нақты міндеттері белгіленді.

Топтаманы дайындаған 
Ибрагим бекмаханұлы

920 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы