• Бизнес & Қоғам
  • 15 Қыркүйек, 2011

«EXPO-2017» халықаралық көрмесіне байқау жарияланд

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде «Болашақ энергиясы» «EXPO-2017 көрмесін қолда! Елімізді қолда!» тақырыбында ең үздік эссе жанры мен ұранға республикалық байқау жарияланды. EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысты өтініштер Астана қаласында қабылданады.

«Болашақ энергиясы» байқауының басты мақсаты – жастардың назарын баламалы қуат көздерін дамыту мәселелеріне аудара отырып, EXPO-2017 көрмесіне арналған идеяларды халық арасына кеңінен насихаттау болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолдау тапқан көрме еліміз үшін аса маңызды қадамдардың бірі болып есептелмек. Халықаралық көрме елімізде баламалы энергия көздерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасауға көмектеседі, сондай-ақ жаңа инвестициялар мен технологияларды тартуға апарар ұтымды бастама болмақ. Осыған байланысты ел астанасы энергетика саласы бойынша ғаламдық жаңалықтарды талқылау мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналмақ.

«Болашақ энергиясы» деп аталатын халықаралық көрме ғаламды бей-жай қалдырмай отырған баламалы энергия көздерін тұрақты пайдалану мәселесін жан-жақты қарастырады. Энергетика саласындағы жаңа технологияларды іздеу жас мемлекетіміз үшін атқарылар басым бағыттардың бірі десек, аталған көрменің елімізге тигізер пайдасы мол. Осыған байланысты, 2004 жылдан бері қарай Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы біріге отырып іске асырған жобалар нәтижелі жемісін берген болатын.

Мұнай мен газ, уран сынды энергетикалық қорлар елімізде мол болғанмен, баламалы энергия көздері түбегейлі дамып үлгермеді. Сол себептен де, энергетикалық қор көздерін тиімді пайдалану арқылы отандық энергия саласын дамыту жұмыстары кеңінен жүргізілуі қажет. Қазақ елі әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерімен бірге экологиялық таза қуат көздеріне үлкен үміт артады.

EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қазақстандық студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатыса алады. Байқау 12 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткізіледі. Көрмеге қатысуға байланысты толық ақпаратты www.expo2017astana.com сайтынан алуға болады. Байқаудың қорытынды нәтижелері 2011 жылдың желтоқсан айында белгілі болады.

Олжас Дарханұлы

632 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы