• Бизнес & Қоғам
  • 19 Сәуір, 2012

Бизнестің жол картасы – 2020 Кәсіпкерлік әлеуетті дамытудағы белсенділік

Еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерінің бірі – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. Тақауда БАҚ өкілдері кәсіпкерлік әлеуеті жоғары Алматы қаласында осы бағдарлама аясында мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты. Олардың қатарында «Достар» халықаралық мектеп-лицейі, «Рахат» стаматологиялық емханасы, «КазСтройСтекло» ЖШС-і, «АлматыКөпірҚұрылысы» зауыты сынды мекемелер бар. Баспасөз-туры «Даму» қоры баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен және қордың Алматы қалалық бөлімшесінің қолдауымен өтті.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында қарастырылған тетіктер әлемнің көптеген елдерінде сәтті жүзеге асырылуда. Бұл пайыздық ставка бөлігін субсидиялау, несие бойынша жекелеген кепіл беру, өндірістік немесе индустриалды инфрақұрылымды дамыту, сервистік қолдау көрсету. Аталған тетіктерді Қазақстанда да қолдану тәжірибесі бар. Дегенмен алғаш рет бұл шаралар кешенді түрде қолға алынуда, ал оны қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте алдағы онжылдыққа арналған қаражат қарастырылып отыр. Бағдарлама «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау», «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру», «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» және «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Қолға алынған уақыттан беріде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, жол картасының бірінші және екінші бағыттары бойынша несие портфелінің жалпы сомасы 279,071 млрд теңгені құрайтын 1 108 жобаға қолдау көрсетілді. Оның ішінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты бірінші бағытында 1003 өтініш, ал «Кәсіпкерлердің валюта тәуекелдерін төмендету» атты үшінші бағытында 105 өтініш қанағаттандырылды. Ал бағдарламаның «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» атты екінші бағыты бойынша Мемлекеттік комиссия жанындағы жұмыс тобы жалпы сомасы 149, 508 млрд теңгені құрайтын 184 өтінішті мақұлдады. Осы бағытта субсидиялауға қол қойылған 139 жоба-келісімдердің жалпы құны 101,706 млрд теңгені құрайды.

Бағдарламаның 1-ші және 3-ші бағыттары бойынша мақұлданған жобалар саны

Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша мақұлданған жобалар саны

Бірінші және үшінші бағыт бойынша мақұлданған жобалар саны бойынша өңірлер арасында Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы лекте келе жатыр. Екінші бағытта Алматы қаласы және Алматы, Қостанай, Ақмола облыстары мақұлданған жобалар саны бойынша алда келеді.

Ал жобаларды мақұлдауда екінші деңгейлі банктер арасында «БТА Банкі», «ЦентрКредитБанкі», «Қазақстан халық банкі», «АТФ Банкі» белсенділік танытуда.

Бағдарламаның екінші деңгейлі банктерге қатысты 1,2 және 3-ші бағыттары бойынша мақұлданған жобалар саны

«Даму» қорының бұл бағдарламасы іске қосылғаннан бері 12,73 млрд теңге сомаға, оның ішінде бірінші бағытта – 4,250 млрд теңге, екінші бағытта 5,194 млрд теңге, үшінші бағытта 3,291 млрд теңге субсидия аударылды.

Несие бойынша пайыздық үстемені субсидиялауға ие болған жобалардың 49 пайызы өңдеу өнеркәсібі саласында, 18 пайызы көлік және қаттау секторында, ал 10 пайызы агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейді.

Кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру бойынша несие портфелінің жалпы сомасы 26 703,9 млн теңгені құрайтын 92 өтініш мақұлданды. Несие портфелінің жалпы сомасы 10 648,9 млн теңгені құрайтын 34 жоба бойынша кепілдендіру келісімшартына қол қойылды, оның ішінде кепіл сомасы 3 765,3 млн теңге. Мақұлданған жобалар саны бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстары өңірлер арасында жоғары белсенділік танытып отыр.

Толықтай алғанда бағдарламаны жүзеге асыру есебінен 102 427 жұмыс орны құрылды. Таяу үш жылдың ішінде бағдарламаның жүзеге асырылуы арқасында 22 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.

Алматы қаласы Өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 70 жоба қаралып мақұлданды, оның ішінде 45 жоба бойынша субсидиялау келісім-шартына қол қойылды.

Тақауда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кәсіпкерлік әлеуетті дамытуда жоғары белсенділік танытып отырған Алматы қаласын «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған бірқатар кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты. Олардың қатарында «Достар» халықаралық мектеп-лицейі, «Рахат» стаматологиялық емханасы, «КазСтройСтекло» ЖШС-і, «АлматыКөпірҚұрылысы» зауыты сынды мекемелер бар. Баспасөз-туры «Даму» қоры баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен және қордың Алматы қалалық бөлімшесінің қолдауымен өтті.

Қатысушылар: Л.Ибрагимова – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарма Төрайымы, Е. Шардарбеков - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары; Ғ. Лесбеков - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның басқарушы директоры-басқарма мүшесі; Г. Сімтікова - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы, Алматы қалалық филиалының директоры, А. Балова – Алматы қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарамасының бастығы, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері.

618 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы