• Қаржы
  • 30 Наурыз, 2017

Кооперация – теңгерімді даму тетігі

Өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың 60 проценті ауылда тұратынын ескерсек, жұмыспен қамту бағытындағы барлық қажетті жобаларды шұғыл қолға алудың өзектілігі барынша аңғарыла түседі. Елді мекендердің ерекшелігіне сай кооперацияларды дамыту ісі бұл мәселені шешудің лайықты жолы болып табылады. Осы тұрғыда Елбасы Үкіметке әкімдермен бірлесіп, елді мекендерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мен өңдеуді қамтамасыз ететін кооперативтер ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдауды тапсырған болатын. Бұл мақсатта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайынан оқырмандарымызды Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан ӘБДІМАНАП хабардар етеді.

Ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту қалай жүзеге асырылады?

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сәтті жұмыс істеуіне, олардың өнімді өндіру мен өткізу кезіндегі шығыстарын төмендетуге, ауыл шаруашылығының және жалпы агроөнеркәсіп кешенінің теңгерімді дамуына ауыл шаруашылығы кооперациясы ықпал ететін болады. Бүгінгі таңда Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өткізу, қайта өңдеу, АШТӨ-ні материалдық-техникалық жарақтау, оған кредиттік, сервистік және ақпараттық маркетингтік қызмет көрсету – маңызды бағыт болып табылады. Өндірістік кооперативтер жерді бірлесіп өңдеу, ауыспалы егістің бірыңғай жүйесін, өсімдік шаруашылығы өнімін өсірудің және жануарлар өсірудің прогрессивті технологияларын пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану және басқа да жолмен ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын болады. Өткізу кооперативтері кооператив мүшелері өндіретін өнімді өткізумен, сондай-ақ шикізатты балғын немесе қайта өңделген түрінде жинаумен, сақтаумен, сұрыптаумен, кептірумен, көтерме немесе бөлшек сатумен және кооператив мүшелерінің өнімін тасымалдаумен айналысатын болады. Қайта өңдеуші кооперативтер ауыл шаруашы­лығы өнімін ірі қайта өңдеуші кәсіпорындар мен көтерме-бөлшек желілерге кейіннен өткізе отырып, оны бастапқы қайта өңдеуді ұйымдастыру мақсатында құрылатын болады. Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі кооперативтер АШТӨ-ні өндірістік процеске қажетті ресурстармен және материалдармен – жанар-жағармай материалдарымен, тұқымдармен, тыңайт­қыштармен, химикаттармен, азықтармен, қосалқы бөлшектермен, ауыл шаруашылығы өн­дірісіне қажетті құрылыс және басқа да ілеспе материалдармен қамтамасыз ететін болады. Кредиттік кооперативтер өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы мақсатындағы өндірістік мақсат­тарға, бизнестің ауыл шаруашылығымен қатысы жоқ түрлеріне де, тұтынушылық мақсаттарға да кредит берумен айналысатын болады. Сервистік кооперативтер өз мүшелеріне ауыл шаруа­шылығы өнімін өндіру және өткізу про­цесімен, сондай-ақ басқа салалардағы (агро­хи­миялық, ветеринариялық, техникалық қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету, электрмен жаб­дықтау, техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету, телефондандыру, асыл тұқымдық және селекциялық қызмет, мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында зерттеулер жүргізу және басқалар) жалпы қажеттіліктерін қанағаттан­дыру­мен байланысты көрсетілетін қызметтер ұсы­натын болады. Ақпараттық-маркетингтік кооперативтер өз мүше­лерін жаңа технологиялар, сорттар, тұқым­дар, нарықтардағы ахуал туралы ақпаратпен қам­та­масыз ету мақсатында құрылады.

Ауыл шаруашылығы бағытында іске асырылып жатқан бастамаларды түсіндіру үшін Fermers.kz сайты мен 8800 080 8010 call-орталығы (барлық бағыттардан қоңырау шалу тегін) қызмет көрсетуде.

1821 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы