• Өндіріс
  • 13 Сәуір, 2017

СЫРДА ТІГІЛГЕН ӘСЕМ ЖЕЙДЕЛЕР

«Dalatex» компаниясының киім үлгілері экспортқа шыға бастады

Қызылордада «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында несие алып, отандық киім тігуді бастаған компания бүгінде өз өнімін шетелге экспорттауда. «Dalatex» компаниясы ерлер жейдесін тігуді осыдан бір жыл бұрын қолға алған болатын.

Бүгінде көпшіліктің көз­айымына айналған компания цехы өз өнімін Қазақстанның барлық аймақтарына, тіпті Ресейге де экспорттап отыр. «Dalatex» брэнді кең үлгіде, қынама белді және жартылай ұзындықтағы үлгімен әртүрлі маталардан ерлер жейделерін көпшілікке тарту етуде. Компания басшылары «Даму» қо­ры­ның қолдауы арқылы осындай жетістіктерге жетіп отырғандарын айтады. Фабриканың негізін қалаушы Ділмұхамед Абизов бизнестегі жолын 20 жыл бұрын бастаған. Ол кәсібін дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 14 пайызбен 30 млн. теңге несие алған, оның 10 пайыздық үстемесін мемлекет қайтарымсыз негізде субсидиялауда. Ділмұхамедтің сөзіне қарағанда, ол өз бизнесін әртараптандыру үшін және саудадан өндіріске өту қадамын жасауға көп ойланып барған. Ең бастысы, нақты қадам жасау арқылы кәсіпкер өзінің айналасы мен мемлекеттің үлкен көмегін сезіне алды. – Мен өз арманымды жүзеге асыра алғаныма қуаныштымын. Күнделікті 200-ден астам жейделер тігудеміз. Ал шеберлеріміз көйлектің әр түрін ұсына отырып, талғамы жоғары тұтыну­шы­лардың тапсырысын орындауда. Біздің өнімді жергілікті халық қана емес, өзге өңір тұрғындары да ұнатып, сатып алуда. Бұл – еңбегіміздің жемісі, – дейді Ділмұхамед Абизов. Сыр өңірінде тігілген жейделерге қазірдің өзінде жер-жерден сұраныстар жиі түсуде.

Ибрагим Бекмаханұлы

729 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы