• Бизнес & Қоғам
  • 22 Қыркүйек, 2011

Айдыны кең ақпарттық технологиялар Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Қазіргі заман – көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызған технологияның дамыған заманы. Осы орайда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың жай-жапсарын түсініп, меңгерудің маңызы мол екені анық. Қай салада болмасын, мәні, атқарар рөлі де ерекше заманауи технологиялардың ел экономикасын арттыруда маңызды факторлардың біріне айналып отырғаны белгілі. Мұны қазіргі уақытта барша жұрт мойындап та отыр. Өткен аптада Астананың төрінде өткізілген «Digital Communications Kazakhstan-2011» көрме-конференциясын сандық индустрия саласында Орталық Азиядағы ірі оқиға деп атауға әбден болады.

Қазақстан, Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропаның ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы білікті мамандарын, Үкімет пен бизнес өкілдері, тұтынушылардың басын қосқан шараның маңызына ерекше мән берген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов көрме-конференцияны аша отырып, «Көрме-конференцияның маңызы зор. Жеке тұлға ретінде де мен ақпараттық технологияларды қолдаушы және белсенді қолданушы санатына жатамын. Өйткені, мұның астарында кез келген ел мен экономиканың болашағы тұр. Ұйымдастырушыларға өз ризашылығымды білдіремін. Себебі, бұл Қазақстан үшін маңызды. Қазіргі таңда Қазақстан ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында қарқынды даму жолына түсті. Осы орайда ел Үкіметі алдыңғы қатарлы халықаралық компаниялармен әріптес бола отырып, отандық компаниялардың даму мүмкіндіктерін әлемдік стандарттарға жақындата түспек. Қазақстан экономикасының барлық сала бойынша бәсекеге түсе алатындай қабілеті бар. Бұл тек жоғары дамыған ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында емес, ол арқылы білім, денсаулық, индустриялық даму және басқа да секторларға шыға аламыз. Сондықтан көрме-конференцияның еліміз үшін маңызы зор», – деді

Үкімет басшысынан кейін сөз алған Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстанның ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласының қазіргі жай-күйі мен болашақтағы дамуы туралы сөз қозғап, сала дамуының негізгі драйверлері саналатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым дамуы және жаңғырту, сандық телерадио хабарларын таратуды енгізу, электронды қызмет көрсету мен электронды үкімет, электронды коммерция және тағы басқаларға тоқталды. Сондай-ақ «Желі ішіндегі байланыс құны 33%-ға, роуминг баспалдағы 48%-ға төмендеді. Ал қазір министрлік ұялы байланыс желісі арқылы 4 G жобасын жүзеге асыруға дайындалуда. Бұл үшін сәйкес диапазондар бөлінуде. Болашақта бұл технологияларды Қазақстанда көріп те қалармыз», – деген Асқар Қуанышұлы биылғы жылдың өзінде ғаламтор жылдамдығы барлық тарифтер бойынша 2 есеге дейін өскендігін, оның тек интернет саласында емес, ұялы байланыс жүйесіне де қатысты екендігін айтып өтті.

«Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында сандық теледидар іске қосылды. Қысқа мерзім ішінде оны қолданушылар саны 40 мың үйге жетті. Біз осы технология арқылы азаматтарымыздың 37 отандық телеарнаны көруіне қол жеткіздік. Болашақта бұл бағыт бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізе беретін боламыз. Бұл технология бізге Қазақстанды 100 пайыз сандық пакетпен қамтамасыз етуге және тиісті қызмет түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Алдағы 2 жыл ішінде 200 мың абонент қамтамасыз етілсе, ал 2015 жылға қарай 300 мың адам осы желімен қамтылады деп күтеміз. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап байланыс операторларымен біріге отырып, ұялы байланыс жүйесі тарифтерін тағы да төмендетеміз», – деп министр көрме-конференцияда сандық теледидар жайын да қозғап өтті.

Дамыған технологияның негізгі артықшылықтарының бірі – уақыт үнемдеу, өз кезегінде қаржы да үнемдеу екені баршаға аян. Осы тұста электронды үкімет жүйесінің орны ерекше. Электронды сатып алу, электронды құжат айналымы, электронды лицензиялау жүйелерін енгізу арқылы Асқар Қуанышұлының айтуынша, шартты үнемдеу тиімділігі 40,2 млрд теңгеге жеткен. Болашақта бұл көрсеткіш өсе түсуі мүмкін, өйткені «Электронды үкімет» порталында жаңа қызмет түрлері ұсынылмақ. Қазір «Электронды үкімет» порталы интерактивті түрде көрсетілетін 74 қызмет пен 2 мыңға тарта ақпараттық қызмет түрін ұсына алады. Министрдің болжамынша, жуық жылдар ішінде тұтынушылар ең көп қолданатын 80 қызмет түрі порталда орналастырылмақ. Халық көп тұтынатын бұл қызметтерді меморгандардың барлық сатысына жүгіріп жүрмей-ақ интернет арқылы құжаттарды тез, әрі оңай алу мүмкіндігін туғызу мақсатында жасалмақ.

Ғаламтордағы қазақ тілінің дамуы негізгі мәселелрдің бірі болып тұрғаны анық. Бүгінде қазақтілді қолданушылардың дені өз тілінде емес, керекті мәліметті өзге тілде іздеуге мәжбүр. Осы орайда аталған конференцияда Қазнеттің қазіргі жайы да сырт қалмады. Оны дамытуда қолға түрлі жобалардың алынып отырғаны да айтыла кетті. Олардың арасында қазақ тілді Википедия сайтын толықтыру, ұйымдардың таныстыру сайттары, баспа БАҚ-тардың сайт үлгілері, тегін хостинг, BAQ қазақ тілді порталын іске қосу және басқалар да бар. Осылайша біртіндеп жолға қойылып отырған Қазнеттің дамуы жайында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев: «Нақты сандармен сөйлесек, домендік атаулар саны 62 мыңға дейін, Қазнет қолданушылар саны 6,5 млн адамға, қазақстандық сайттарды қарау 12,3 млн-ға жетті», – деп атап өтті.

Жоғарыда айтылған тіл мәселесі төңірегінде жақсы жаңалықты Ресейден келген маманның ауызынан естідік. «Digital Communications Kazakhstan-2011» көрме-конференциясынан маңызы мол біршама мағлұмат ала алдым», – деп ағынан жарылған «Google Россия»-ның бас директоры Владимир Долгов интернеттің қазақтілді сегментінің барынша кеңейіп келе жатқаны, сондай-ақ өңірдегі ІТ технологияның жылдам қарқынмен дамуы жақын арада ресейлік деңгейді бағындыратынына кімді болмасын, күмәнсіз сендіретінін де атап өтті. Сондай-ақ бас директор Google іздеу жүйесіндегі онлайн-аударма туралы сөз ете келіп, «Қазірдің өзінде қазақтілді аударманы іздеуші миллиондаған адам бар. Демек, қазақтілді онлайн-аударманы құрастыруымыз керек», – деді және алдағы уақытта аталған істі қолға алатындарын айтты. Міне, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында өткен үлкен жиналыстың бірі – «Digital Communications Kazakhstan-2011» көрме-конференциясының көтерген мәселелері де, жауабын тапқан сұрақтары да молынан болды. Оның бірі – қазақтілді онлайн-аударманың құрастырылуына жасалған алғашқы қадам алдағы уақытта Google-аударма жүйесінде мәліметтерді қазақшаға оңай аударып отыратынымызға сендірді.

604 рет

көрсетілді

8

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

granzmtya

14 Наурыз, 2021

BXxqID <a href="http://zxrgelepvqkj.com/">zxrgelepvqkj</a>, [url=http://bvqagiqxiaxb.com/]bvqagiqxiaxb[/url], [link=http://bvjigixbqmwc.com/]bvjigixbqmwc[/link], http://surmreyhupdg.com/

Barry

03 Сәуір, 2021

Could I borrow your phone, please? http://ohioexpocenter.com/?s=https://www.hab.cl/buy-aciphex-baikal-pharmacycom-rtlx buy aciphex baikal-pharmacy com Our Classified websites (Photos, Motors, Jobs and Property Today) use cookies to ensure you get the correct local newspaper branding and content when you visit them. These cookies store no personally identifiable information.

Bernard

03 Сәуір, 2021

Is this a temporary or permanent position? http://zuccardiwines.com/?s=https://www.hab.cl/buy-aciphex-baikal-pharmacycom-rtlx buy aciphex baikal-pharmacy com Her conservatives delivered their strongest result in over two decades in the September 22 election but fell several seats short of a parliamentary majority. Exploratory talks with the Greens collapsed last week, allowing Merkel to focus on opening formal negotiations with the SPD.

Ahmed

03 Сәуір, 2021

I'm a partner in http://epionline.org/?s=https://www.hab.cl/buy-aciphex-baikal-pharmacycom-rtlx buy aciphex baikal pharmacycom I was wondering if you could talk about what additional cost areas you're likely to attack next. And how much of the $20 million to $25 million in operating losses in '13 from new initiatives are still ahead of us?

Dustin

03 Сәуір, 2021

It's funny goodluck http://tkkg.edu.hk/?s=https://www.hab.cl/buy-aciphex-baikal-pharmacycom-rtlx buy aciphex baikal-pharmacy com But after reconsidering, “I’m encouraging my boy to stand strong, to stand with the team and get through it. … If there is not unity with me and the coach, then I become part of the problem,” he added.

Lazaro

03 Сәуір, 2021

real beauty page http://escalent.co/?s=https://www.hab.cl/buy-aciphex-baikal-pharmacycom-rtlx buy aciphex baikal-pharmacy com "Of all our experience, nothing could have prepared us forthe 2013 election and the systematic and scientific dismemberingof the people's wishes," party Secretary General Tendai Biti,the outgoing finance minister, wrote on his Facebook page.

nqelob

22 Сәуір, 2021

PLT1up <a href="http://pwypprtfqrwd.com/">pwypprtfqrwd</a>, [url=http://sovbabdsdjrl.com/]sovbabdsdjrl[/url], [link=http://hkjifciznkrf.com/]hkjifciznkrf[/link], http://athmiakhsicz.com/

lgrapx

11 Мамыр, 2021

JkqbhU <a href="http://ijcfnjpieyzh.com/">ijcfnjpieyzh</a>, [url=http://iqsfheslbuqq.com/]iqsfheslbuqq[/url], [link=http://pccvcptaymdg.com/]pccvcptaymdg[/link], http://ngfpfmnaeyev.com/

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы