• Өндіріс
  • 25 Мамыр, 2017

МӘМС: Емделуші қауіпсіздігі қалай қорғалады?

МӘМС аясында төлем жасаушы қайтыс болған жағдайда туысқандарына жинақталған қаражатты табыс ету қарастырылған ба? Жоқ, қарастырылмаған. Әлеумет­тік медициналық сақтандыру қоры­ның Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­ақы қорынан ерекшелігі – жинақ­таушы болып табылмайды және сақтандырылғандарда дербес­тендірілген есепшот болмайды. Сондықтан, медициналық сақтандыру жүйесінде қаржыны қайтару, табыс ету, мұраға қалдыру немесе сақтанды­рылған медициналық көмекке жүгін­беген жағдайда қандай да бір бонустар аудару қарастырылмаған. МӘМС-тің негізгі ұстанымы – мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өздерінен құралған барлық қатысушы тұлғалардың сақтандыру жарнасы мен аударымдарды жүзеге асыру кезіндегі міндеттемелерінің бірдейлігі. Яғни, табысына, әлеуметтік мәртебесіне, тұр­ғылықты мекеніне қарамастан, ха­лықтың барлық санатына бірыңғай медициналық қызмет пакетіне қол­жетімділік кезіндегі әлеуметтік әділет­тілік және әмбебаптық сақталады. Жауапсыз медициналық ұйымдарға қатысты талас туған жағдайда қор өзінің тұтынушыларын қорғай ма? Әлде келеңсіз жағдайда жалғыз қалдыра ма? Емделушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дәрігерлік қателіктер жауапкершілігі, міндеттемелерді орындауға лайықсыз немесе пациентке адамгершілік қарым-қатынастан адалық – қаржыландыру модельдеріне қара­мастан кез келген денсаулық сақтау жүйесінің маңызды элементтері. Әдетте пациенттерге арналған қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етумен осы салаға жауапты мемлекеттік қадағалауға жауапкершілігі бар органдар айналысады. Біздің жағдайда, қор лицензиясы бар медициналық ұйымдар қызметін сатып алуды жүзеге асырады, басым құқыққа денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдар ие болады. МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілері қызметінің төлемі денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері мен медициналық қызмет көлемі және сапасы бойынша келісім міндеттерін қадағалау есебімен бірге жүзеге асырылады. Осылайша, қор экономикалық шаралармен ықпал ету арқылы пациенттер құқығын қорғауға қатысады.

1225 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы