- Қаржы
- 25 Мамыр, 2017
ЖҮЗ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бұл мақсатқа биыл 700 млрд теңге жұмсалады
Биыл елімізде Индустрияландыру картасы аясында 700 млрд теңгенің 100-ден астам жобасы іске қосылады. Бұл туралы жақында өткен ҚР Үкіметіндегі баспасөз мәслихатында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім еткен болатын.
Министрдің айтуынша, министрлікке қарасты негізгі салаларда дамудың оң динамикасы байқалып отыр. Бұл қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары мен әлемдік нарықтағы базалық металдар бағасының тұрақтылығының арқасында мүмкін болды. Бірінші тоқсанда елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%, тау-кен өнеркәсібінде 5,6%-ке артты. «Бұл түсті металдар кенін өндіру көлемінің 10,8 және темір кенін өндіру көлемінің 11,4%-ке өсуімен байланысты», – деді министр. Жеңіс Қасымбековтің дерегіне қарағанда, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңдеу саласында 6,5 пайызға тұрақты оң өсім болды. Отандық экономикадағы бұл оң үрдіс индустрияландыру саясатының арқасында қалыптасты. «АрселорМиттал Теміртауда» болат өндірісі 7%, «Қазхромда» ферроқорытпа 8%, «Казцинкте» қорғасын өндірісі 10%, алтын өндірісі 12%, «Қазақмыс» корпорациясында мыс өндірісі 2%, алтын өндірісі 6%, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-да титан құймалары өндірісі 5%-ке өсті. Ағымдағы жылы Индустрияландыру картасы бойынша шамамен 700 млрд теңге болатын 100-ден астам жобаны іске қосу көзделіп отыр. 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Оның ішінде биылғы жылдың бірінші тоқсанында 7,6 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылды. 415 тұрақты жұмыс орны құрылды», – деді Ж.Қасымбек.

1481 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *