• Өндіріс
  • 25 Мамыр, 2017

ЖЕРГЕ ТҰҚЫМ СЕБУ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Қостанай облысында  биыл 4 млн гектарға  дәнді дақылдар егіледі

Астықты өлкеде егіс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Диқандар көктемгі дала науқанына 15-мамырдан бастап кіріскен болатын. Биыл аймақта 4 миллионнан астам гектар алқапқа дәнді дақыл тұқымын себу жоспарланып отыр.

Алғашқы төрт күнде межеленген көлемнің төрттен бірі еңсерілді. Ал майлы дақылдар тұқымының 32 пайыздан астамы сол алғашқы аптаның ішінде жерге сіңірілген еді. Одан бергі аралықта да қарқын бәсеңдеген жоқ. Шаруа қожалықтары ауа райының ашық күндерінде өнімді жұмыс жасады. – Күніне 280 мың гектар көлемінде тұқым сіңру жұмыстары жоспарланған болатын. Сол межеден диқан-механизаторлар шығып келеді. Осы қарқыннан таймасақ, егіс жұмыстарын енді бірер күнде толық бітіреміз деген үмітіміз бар. Ал, үміттің ең үлкені – қоңыр күзде ақталады ғой. Оған сеніміміз мол. Қазір Таран, Әулиекөл, Жетіқара және ежелгі Торғай өңірлерінде көктемгі дала жұмыстары өте қарқынды жүріп жатыр, – дейді Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Қабделов. Иә, диқандар «Балапанды күзде сана» деп бекер айтпайды ғой. Қостанайлықтардың биік межеден көрінетіндігіне күмән жоқ.

Ибрагим Бекмаханұлы

1560 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы