• Өндіріс
  • 01 Маусым, 2017

ТҰТ БАҒЫ ҚҰТ БАҒЫНА АЙНАЛДЫ

Кәсіпкер Сұлтанбек Бәкіровтің бастамасын қолдаушылар көп

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында тұт ағашын отырғызып, жібек мата өндіру ісі қолға алынды. Тұт ағашынан мата шығаруды игерген кәсіпкер Сұлтанбек Бәкіров осы кәсібін жергілікті тұрғындарға үйретіп жүр.

Биылдың өзінде кәсіпкер осы бастамасы арқылы 600 адамды жұмыспен қамтуды жүзеге асырғалы отыр. Ол аудан басшылығымен жасалған келісім бойынша 55 гектар жер алып, оның 20 гектарына 140 мың түп тұт көшетін отырғызған еді. Қазір тұт бағы құт бағына айналды. Енді кәсіпкер жібек өндірумен айналысуда. Әр гектардан 50 тоннаға дейін жапырақ өндіріледі. Жапырағын жылына төрт рет жинауға болатын тұттың бұл сортын қандасымыз шетел ғалымдарымен бірлесіп өсірген. Өсімдіктерді будандастыру нәтижесінде мол өнім беретін бұл тұт ағашы көктемгі суыққа өте төзімді. Тұт ағашының жапырағын қарпып жейтін мыңдаған жібек құрты бастапқыда кішкентай 40 грамдық қораптарға салынып өсірілді. Ұсақ жібек құрттарының бастапқы салмағы 30-40 грамнан аспайды. Түлеген сайын қабықтарын тастап, 70 есеге дейін үлкейеді. Тұт аға­шын егу арқылы отбасылық кәсіп ашуға болады. – Табиғаты қолайлы оңтүстікте 1 гектар жерге егілген тұт ағашынан 1 млн. теңгеге дейін таза табыс табуға мүмкіндік мол. Егер оған қоса жібек құртын өсіріп, өнім өндіретін болсаңыз, тағы 1 млн теңге пайда көруге болады. Тек ерінбей еңбек ету керек. Егер бұл өлкеде осы кәсіпті жаппай қолға алатын болсақ өнімдерімізді Шығыс Еуропаға, Оңтүстік Кореяға және Қытайға сатуға болады. Өйткені мұндай тауарға аталған елдерде сұраныс өте жоғары, – дейді Сұлтанбек Бәкіров. ОҚО-да тұт ағашы арқылы жібек мата өндіру ісі қолға алынды. Әзірге кәсіпкер жапырақтың бір келісін 20-22 теңгеден қабылдап жатқанын да жасырмады. Сол жапырақтармен қоректенген жібек құрты өңделмеген жібек шығарады. Оны жіпке айналдырып, тоқыма жұмыстарын жүзеге асырып отырған кәсіпкер өз өнімдерін еш қиындықсыз саудаға шы­ғаруда. Бұл кәсіппен айналысушылар саны жыл өткен сайын артып отыр. Айта кетейік, Қазақстанда жасалған жібектен тігілген киімдер қазіргі заманның киімдерімен де үйлесім тапқан. Қанық түсті, әдемі өрнектелген маталарды көбінде ұлттық киімдерге жиі пайдалануға болады.

Ибрагим Бекмаханұлы

1948 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы