• Өндіріс
  • 07 Маусым, 2017

САЯБАҚТАР – ҚАЛА СӘНІ

Тұрғындар демалыс орындарының көбейгеніне қуанышты

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев жаңадан салынып жатқан және қайта қалпына келтіріліп жатқан бірқатар бақтың жұмысымен танысып шықты.

Аталған 34 саябақтың жұмыстарымен айналысып жатқан облыстық басқармалар, қала әкімдігінің бөлімдері мен кәсіпорындар жуырда қала тұрғындарына жаңа демалыс орындарын тарту етпек. Мәселен, «Тұрғын үй қалашығы» ауданында «Мәдениет» саябағы, «Батыс-2» ықшам ауданында «Денсаулық» паркі сынды демалыс орталықтары бой көтеруде. Сонымен қатар облыстық сот пен Ішкі істер департаментінің де жасыл алаңқайлары бар. Жуырда Абай даңғылы бойындағы саябақ жаңаша кейіпке енетін болады. Мұнда жаңадан тротуарлар, кеспе тастар төселіп, декоративті ағаштар, гүлзарлар отырғызылады, жарықтандырылады. Айта кетсек, бұл жерлерге 21 мың шаршы метр қырланған кеспе тас төселіп, ескі бағаналардың орнына электр жарығын 40 % үнемдейтін жаңа LED – шамдар орнатылады. Сонымен қатар 800 декоративті ағаштар отырғызылады. Қаладағы саябақтар мен скверлерде 100-ден аса шам қондырылып, 25 орындық қойылады. Ерекше гүлзарларды отырғызу жұмыстары аяқталып та келеді. – Бұл жұмыстар сапалы жүргізілуі тиіс. Сондықтан қала әкімдігі күнделікті тексеріп тұруға міндетті. Алдағы атаулы мерекелерге дейін жұмысты аяқтауларыңыз қажет. Қала тұрғындары мен қонақтар үшін осындай жасыл желекке оранған саябақтарды көбейтуіміз керек, – деді өз сөзінде облыс басшысы. Бүгінде қала бойынша 20 мың түптен астам ағаш егілді. Бұдан бұрын қаланың әуежай аумағында 1 млн.-нан астам көшет отырғызылған болатын. Сондай-ақ аймақ басшысы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын аралап шығып, үш және төрт қабатты 29 үй, 197 жеке тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатқанын көрді. Облыс әкімі қала әкіміне құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында олардың арасында конкурс ұйымдастыруды тапсырды. Ақтөбе осындай жанды шаралардың арқасында сәнді қалаға айнала түсуде.

Ибрагим Бекмаханұлы

1551 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы