• Өндіріс
  • 08 Маусым, 2017

ХИМИЯ САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

«Қазфосфат» минералдық тыңайтқыштар жеткізу ауқымын кеңейте түсуде

– Жаңа индустрияландыру бағыты біздің кәсіпорынның жұмысына да тың серпін беруде, – дейді «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров. – Сондықтан өнімдеріміздің жеткізу географиясын кеңейте түскіміз келеді. Ендігі кезде «Қазфосфат» өз тыңайтқыштарын Қытай, Польша, Румыния, РФ, Украина, Балтық жағалауынан басқа, алғаш рет Аргентинаға экспорттай бастайды. Осы жылы 100 мың тонна жеткізуді жоспарлап отырмыз. Өткен жылы күзде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округіне 40 мың тоннаға жуығы жөнелтілген. Бүгінгі күннің міндеті – кем дегенде тағы 100 мың тонна өнім сатуымыз керек.

Өткен жылы «Қазфосфат» ЖШС өзінің филиалдарының бірі – Минералдық тыңайтқыш зауытында экстракциялық фосфор қышқылы цехын салуды аяқтады. Бұл ЭФҚ өндіруді екі есеге ұлғайтуға және 300 мың тонна көлемге шығуға мүмкіндік берді. Аммофос цехын жөндегеннен кейін 2018 жылы тыңайтқышты 500 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. 2016 жылы «Қазфосфат» қуаты 5 мың тонна фосфор-калий тыңайтқышы өндірісін және жылына 70 млн текше метр азот – ауа бөлу блогын іске қосты. Осы жылдың аяғында Минералдық тыңайтқыш зауытында 2020 жылы көлемді бір миллион тоннаға жеткізу үшін аммофос өндіру цехын жобалау жоспарлануда. Өз кезегінде, Қаратау және Жаңатас фосфор кен орындарында кен өндірісі ұлғаяды. «Қазфосфаттың» басқа филиалында – Жаңа жамбыл фосфор зауытында бүгінде екі фосфор пеші жұмыс істейді. Маусымнан бастап үш пештік режімге көшу жоспарлануда. Еуропа, Америка, Үндістан нарықтарына өнім жеткізу, сондай-ақ қысқы кезеңге резерв құру жоспарлануда. Облыстық әкімдікте 2017 жылы компания мемлекетке жеті млрд, осы жылы сегіз млрд теңгеге жуық салық төлегенін атап өтті. Химиялық өнеркәсіп қызметкері күніне орай зауыт жұмысшыларына компания есебінен «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне 600 жолдама бөлінді, деп атап өтті облыс әкімінің баспасөз қызметінде. «Қазфосфат» ЖШС – Жамбыл облысының қала құрушы компаниясы. Онда негізгі өндірістік қуат шоғырланған. 1999 жылы құрылған химия кәсіпорындарында 60 мыңға жуық жамбылдық жұмыс істейді. Өткен жылдары компания отандық химия саласының көшбасшысы атанды. Негізгі қазақстандық кәсіпорын фосфоры бар өнімнің 20 түрін өндіреді. Компания өнімі әлемнің 20-дан астам елдеріне жеткізіледі.

Ибрагим Бекмаханұлы

1321 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы