• Қаржы
  • 08 Маусым, 2017

ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ

Павлодар мұнайхимия зауыты авиаотын өндіре бастайды

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде Павлодар мұнайхимия зауытында болып, кәсіпорынды жаңғырту жобасының іске асырылу барысымен танысты.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімінің мәлім еткеніндей, зауыттың бас директоры Шухрат Данбай Энергетика министріне жаңа технологиялық нысандардағы құрылыс-монтаж­дау жұмыстарының механика­лық аяқталуы туралы баяндады. 2017 жылғы 24 сәуірде Павлодар МӨЗ аталған технологиялық кешендерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын механикалық аяқтау туралы актілерге қол қойылды. Қазіргі уақытта бұл объекті­лерде күкірт өндіру қондырғысы кешені шілде айында, ал изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысы қыркүйекте аяқта­луы жоспарланған. Іске қосу-баптау жұмыстары да қызу жүргі­зілуде. Осы уақытқа дейін кәсіпорын кепілдік пайдалану көр­сеткіштеріне қол жеткізіп, К4 (аналог Еуро-4) экологиялық класты жоғарыоктанды автомобиль бензинін алуы керек. Жаңғырту аяқталғаннан кейін жоғарыоктанды автомобиль бензинін шығару 297 мың тон­­наға дейін артады. Сөйтіп зауыт авиаотын өндіре бастайды. Қазіргі уақытта жаңғырту жобасы шеңберінде қолданыстағы: мұнайды бастапқы өңдеу кешені (ЛК-6У) – дизель отынын және керосинді гидротазарту, атмосфералық айдау, нафтаны гидротазарту, каталитикалық риформинг қондырғыларын қайта жаңарту жөніндегі құрылыс-мон­таждау жұмыстары орындалуда. Дизель отынын және керо­синді гидротазарту қон­дыр­ғысын қайта жаңарту кәсіп­орынға 2017 жылғы қараша-желтоқсан айларында К4, К5 стандартты дизель отынын жә­не авиациялық отынды шы­ға­руды бастауға мүмкіндік бе­реді. Жаңғырту аяқталғаннан кейін зауыт шығаратын барлық өнім Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына толық көлемде сәйкес келетін болады.

Ибрагим Бекмаханұлы

1153 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы