• Қаржы
  • 21 Маусым, 2017

МӘМС: Қор қызметі қалай бақыланады?

Экономикалық ахуал төмендеген жағдайда Медициналық сақтандыру қоры қандай шараларды қолға алады? Қордың резерв қалыптастыруға арналған дағдарысқа қарсы сценариі бар ма?

Елдегі экономикалық ахуал қиындаған жағдайда Қор бірқатар шараларды қолға алады. Атап айтқанда, контрциклдік шараларды қолданып, мемлекет әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар үшін жарнаны ағымдағы жылға есептелген орташа айлық жалақы бойынша емес, екі жыл бұрынғы орташа жалақы көрсеткіші негізінде төлейді. Дағдарыс болып, экономикалық ахуал күрт нашарлаған жағдайда бұл шара бюджеттен түсетін жарна деңгейін жоғары қалпында сақтап қалуға, сол арқылы тұрақтылықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Күтілмеген шығындарға арналған резерв Қор активінің 3%-не дейінгі көлемде жасақталады.

Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қорының қаржысын әртүрлі қауіп-қатерлерден, бірінші кезекте ин­фляциядан қорғау жағы қарасты­рылған ба?

Біріншіден, Әлеуметтік меди­ци­налық сақтандыру қоры ақшаны сақтамайды. Қаражат медициналық ұйымдар тарапынан күн сайын көрсетіліп жатқан қызмет ақысын төлеуге тұрақты түрде жұмсалып отырады. Екіншіден, медициналық қызмет құны өскен жағдайда шығын жұмыскерлердің жарнасы есебінен өтеледі. Онда инфляциялық тәуекелдер қарастырылған.

Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қорындағы қаржының ашық бөлінуі, мақ­сатқа сай жұмсалуы қа­лай қамта­ма­сыз етіледі?

Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры қызметінің ашықтығы төмендегі тетіктердің көмегімен қамта­масыз етіледі: – Жарналар мен қаржы түсімдері тұрақты мониторингтен өткізіледі; – Көрсетілген медициналық қызметтерге тұрақты мониторинг жасалады; – Қоғамдық кеңестер құрылады; – Уәкілетті органдарға – Үкімет, Есеп комитеті, ДСМ-ге қаржының пайдаланылуы туралы стандартты есептер беріледі; – Жалпы жұртшылыққа арналған жылдық есеп жарияланады; – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының веб-сайтында ұйымның стратегиялық құжаттары, сақтандырылған азаматтарға арналған ақпараттар орналастырылады. Ақпарат жалпы негізде (құқықтары, міндеттері, мүмкіндіктері, жаңалықтар, қызмет көрсету талаптары, тарифтер т.б) және жеке кабинет арқылы жеке негізде (жарна төлейтін және қызметтерді пайдаланатын пациентке арналған есеп) жарияланады. Сонымен қатар, веб-сайттан жеткізушілерге арналған ақпараттарды да (нормативтік-құқықтық актілер, сатып алу тәртібі, тарифтер, жеткізуші компаниялармен бекітілген келісімшарттардың мазмұны, соның ішінде қаржылық мәліметтер, жеткізушілерді бақылау нәтижесі, сатып алу және бақылау жоспарлары) табуға болады; – Медициналық көмек көрсету саласындағы түрлі сараптамалар, шолулар мен зерттеулер; – Жеткізушілердің рейтингтерін жариялау; – Күрделі мәселелер мен жоспарланып отырған өзгерістерді талқылау мақсатында мүдделі тараптармен тұрақты және мақсатты кездесулер (жеткізуші компаниялардың өкілдері, пациенттердің ұйымдары) өткізу.

Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қорының қызметіне қоғамдық бақылау жүргізіле ме?

Міндетті әлеуметтік медицина­лық сақтандыру туралы заңда қарастырылған бақылау тетіктерінің бірі – медициналық қызметтердің сапасын бақылайтын бірлескен комиссия. Бұл комиссия Денсаулық сақтау министрлігі, Әлеуметтік меди­циналық сақтан­дыру қоры, жұрт­шылық өкілдерінің ара­сын­дағы диалог пен келісім алаңына айналуы тиіс. Комиссия құрамына дәрігерлер мен па­циент­тер қауым­дас­тық­тарының өкіл­дері, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйым­дардың мү­ше­лері кіреді. Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қорының жарғысында міндетті сақтандыру жүйесінің қыз­метін қамтамасыз ету және дамыту мәселелері жөніндегі қоғам­дық кеңес құру мүмкіндігі қарас­ты­ры­лған. Оған мемлекеттік ор­ган­дардың, үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері мен Қазақстан Республикасы азаматтары мүше бола алады.

Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қорымен елдегі барлық медицина ұйымдары келісімшарт бекіте ала ма?

Оған ешкім кепілдік бере алмайды. Мысалы, бір қалада кардиология бөлімі бар үш аурухана жұмыс істейді делік. Қор соның ішінде қызметтерді сатып алудың минималды стандарттары мен талаптарына жауап беретін, пациенттерге жағдай жасайтын, сапалы, жоғары технологиялық қызмет көрсете алатын, жоғары білікті мамандары мен заманауи қондырғылары бар медицина ұйымын таңдайды.

1860 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы