• Қаржы
  • 14 Шілде, 2017

ЖАҢА ВОКЗАЛ – ТАРТЫМДЫ ЖОБА

Әуежайға Елбасының аты қойылды

Астана халықаралық әуежайы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. Басты әуе қақпасына Президент атын беру жайлы Үкімет тиісті қаулыны қабылдағаннан кейін жүзеге асты. Бұл ұсыныс елімізде соңғы бірнеше жылдан бері көтеріліп келген болатын. Мемлекет басшысының атымен аталатын Қазақстандағы халықаралық әуежай Астана орталығынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан. Әуежай өз тарихын 1931 жылдан бері бастайды. Сол жылы бірінші әуе алаңы құрылып, 1948 жылдан бастап ауыр ұшақтарды қабылдай алатын болды.

1956 жылдан бастап әуежай тәулік бойы жұмыс істей бастады. Астана қаласының бас жоспары бойынша 2030-жылға дейін күніне 1200 адам жылына 7 миллион жолаушыға қызмет көрсететін жалпы аумағы 1000 шаршы метр тағы бір халықаралық әуежай салынады. Әуежай шамамен қаладан 35 шақырым қашықтықта орналасады. Оның құрылысы Көкшетау тас жолы бойындағы Шортанды не Қарағанды тас жолында орналасқан Аршалы аймағында бой көтереді. Қазіргі әуежай ішкі бағыттармен жұмыс істеуге көшетін болса, жаңа әуежай халықаралық бағыттарға қызмет көрсететін болады. Таяуда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың жаңа терминалынан «Air Astana» әуекомпаниясы Франкфурт, Лондон, Париж, Бейжің, Үрімжі, Сеул бағдарына ұшуды бастады. Сонымен қатар халықаралық бағдар жаңа 1-ші терминалмен, ішкі рейстер 2-ші терминалмен атқарылады. 2-ші терминалдағы жолаушыларды тексерудің орталықтандырылған жүйесіндегі жаңа қондырғысы өткізу мүмкіндігін арттырып, ұшуға дайындық мерзімін барынша қысқартады. Әуежайдың басқарма төрағасы Паоло Ричиоттидің айтуынша, жаңа терминалдан шығатын барлық халықаралық бағдардағы ұшулар Астана әуежайын инфрақұрылымдық дамыту тарихындағы қорытынды кезеңіне көшу болып табылады. Сонымен қатар Астанада ТМД елдерінде баламасы жоқ, соңғы жылдары әлемде соңғы үлгідегі жаңадан салынған «Нұрлы Жол» жаңа вокзалы пайдалануға берілді. Жоба аясында Астана теміржол телімінің инфрақұрылымын дамыту мен вокзал кешені құрылысын жүргізу жұмыстары атқарылады. Жаңа вокзал тәулігіне 35 мың жолаушыны өткізе алады. Елордадағы қазіргі ескі вокзал арқылы күніне 12 мың жолаушы өтуі тиіс болса, онда іс жүзінде 18 мың жолаушыға дейін кіріп-шығады. Теміржолдың қаланың іскерлік орталығына жақын орналасуы да өте қолайлы. Ол арқылы қаладағы автокөліктің тығындалуы азаяды. Бұнда күту залынан бөлек әлемдік талаптарға сай қонақүйлік бөлмелер, қолайлы сақтау қоймалары, ана мен бала бөлмесі, медициналық кеңселер, фудкортттар, мейрамханалар, 1500 орындық ішкі және сыртқы паркингтер қамтылған. Ғимарат қуат үнемдегіш лифтілермен, эскалаторлармен қамтылып, жылу жүйелері қыста ауаны жылытса, жазда салқындатады. Жаңбыр суын жинап, оны қасбетті жууға пайдаланып, жақын аумақты көгалдандыруға жұмсалады. Жолаушылардың кезек күтіп қалмауын болдырмау үшін кезекті басқарудың заманауи қондырғысы, билетті электронды сату жүйесі, Интернетке шығу мүмкіндігі жасалады. Сонымен қатар жолаушыларды төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында лаңкестік оқиғалардың алдын алудың кешенді мүмкіндігі жасалады. Оның жолаушыларды тексеріп кіргізу құрылғысы, бейнебақылау жүйесі орнатылады. Ғимараттың іші сыртында қозғалыс тәртібі тәулік бойы бақыланады. Жаңа вокзалда 1300 адам жұмыспен қамтылды. Жалпы құрылыс жұмыстары көктемнің соңғы айында аяқталып, жаз мезгілінің басында вокзал кешені инфрақұрылымының – инженерлік коммуникациялық және пойыз қозғалысын интеллектуалдық басқару жүйесі, жолаушыларға қызмет көрсетуі тестілік сынақтан өткізілді. Вокзал кешені – жалпы алаңы 126 мың шаршы метр болатын алты деңгейлі ғимарат. Оған пойыздарды қабылдап-жөнелтетін алты жол жалғасады. Жолаушыларды пойызға отырғызу мен түсіру үшінші қабат арқылы жүргізіледі. Вокзал жолаушылар ағынын, адамдар кезегін, қауіпсіздікті, билетті электрондық тәсілмен сату ісін басқару мен бақылаудың заманауи озық интеллектуалдық жүйелерімен жабдықталған. Пойыздардың бірден ғимаратқа келулері үшін вокзалда 6 қабылдау-жөнелту бағыты қарастырылған. Жолаушыларды отырғызу және түсіргізу үшінші қабатта жүргізіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық жағдай қарастырылған, арнайы жолдар мен кассалар, Брайля әліпбиі бойынша жазылған ақпараттық тақта, санитарлық орындар бар. Ғимараттағы күту залдары, қонақүй бөлмелері, VIP орындар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған залдар әлемнің ең үздік стандарттарына сай жасақталған. Сондай-ақ, вокзал аумағында жүк сақтау камералары, ана мен бала бөлмесі, медициналық кабинеттер мен фудкорттар сынды т.б. орындар бар. Келушілер үшін интернет (Wi-Fi) қолжетімді. Екі деңгейлі жабық көлік тұрағына 740 автомобиль сыяды, вокзал айналасында тағы 714 машина қоятын тұрақ бар. Қазіргі таңда қала әкімдігінде қалааралық байланыстағы автобустар тоқтайтын арнайы орындар мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, жеке кассаларды орналастыру да ескерілген. Қалалық көліктердің қатынас мәселесі де шешілді. Жүретін бағыттар мен аялдамалар айқындалды, Қала таксилеріне де қатысты сұрақтар шешілді. Жаңа вокзал кешені Астананың одан әрі дамуын қамтамасыз етіп, көлік сервистерінің топтасуы, өңірлермен байланысты күшейту мәселелерін шешуде. Оң жағалаудағы көлік кептелісін айтарлықтай азайтады.

Нұрлан ҚҰМАР

843 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы