• Өндіріс
  • 14 Шілде, 2017

АЛЫПТЫҢ АДЫМЫ

Қашағандағы мұнай шығару тәулігіне 200 мың баррельге тең

Атырау облысында орналасқан Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі Қашаған кенішінде өндірілген мұнай үш миллион тоннаға жетті.

– Былтырғы күзден бас­тап Қашаған кенішінде мұнай өндіру қайта қолға алынғалы бері жұмыс жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Таяуда ғана бұл меже 3 млн тоннаға жетті. Жыл соңына дейін кен орнынан 8 млн тонна мұнай өндіру көзделіп отыр, – дейді қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы­ның президенті Балтабек Қуандықов. Алып кен орнының бүгінгі тынысы туралы. Кеніштегі мұнай өндіру былтыр қыркүйек айында қайта қолға алынған. Қазіргі уақытта өндіру көлемі тәулігіне 200 мың баррельге жетті. Бірінші миллион тонна мұнай өндіруге қаңтар айында қол жеткізілді. Екінші миллион Наурыз мерекесі қарсаңында тіркелді. Қашағанды игерудің бірінші кезеңінде ілеспе күкірт газын жерасты қыртыстарына қайта құюды бастау көзделген. Бұдан кейін теңіз мұнайын өндіру тәулігіне 370 мың баррель болмақ. Бір айтарлығы, кен орнын пайдалану кезінің ең жоғары көрсеткіші тәулігіне бір жарым миллион баррель мұнай болады, NCOC компаниясының техникалық директоры Рам Ситхарамның айтуынша, дәл қазіргі уақытта Қашаған мұнай кенішіндегі мұнай шығару тәулігіне шамамен 200 мың баррельге тең. Компания Қашаған мұнай-кен орнындағы мұнай қорын игерудің ең оңтайлы әдісін қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс жасап келеді. Сол себепті кеніш мамандары атқарылатын жұмыстарды бірнеше кезеңге бөлуді жоспарлап отырған көрінеді. Бұл кезеңнің барлығы дербес жоба ретінде қарастырылып, оның тиімділігі нақты жүйеленген, инвесторлар шығынының өтем­­ділігі қамтамасыз етіл­ген болуы тиіс. Осындай жобалардың бірі ретінде ыл­ғалды газ сығу қуаттылығын арттыруға инвестиция салудың маңыздылығы зор. Дәл қазіргі уақытта Қашаған мұнай ке­нішіндегі мұнай шығару тәу­лігіне шамамен 200 мың баррельге тең.

Ибрагим Бекмаханұлы

1505 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы