• Қаржы
  • 20 Шілде, 2017

Салынып жатқан тұрғын үйлер қарқынДЫ

«Бәйтерек девелопмент» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымының қаржылық қатысуымен нысандардың құрылысы жүзеге асты. 2017 жылдың жарты жылдығында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еліміздің әр өңірінде 240,2 мың шарщы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қарқынды құрылыс белсенділігі Оңтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында сақталған. 2017 жылдың алты айында Шымкент және Атырау қалаларында пайдалануға 40,5 мың.м тұрғын үй немесе 672 және 677 пәтер берілді.Құрылыс көлемінің біраз өсуі Маңғыстау облысында белгіленген. Ақтаудың тұрғын үй қоры жарты жылда 34.2 мың шаршы метр немесе 540 пәтерге өсті. Одан әрі Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында жыл басынан 30,2 мың шаршы метр тұрғын үй (504 пәтер). Павлодар облысындағы «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ның желісі арқылы салынған жаңа тұрғын үйлердің жалпы аумағы 28,2 мың. шаршы метр құрайды (504 пәтер). «Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысының қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Егер былтыр алты ай ішінде пайдалануға 128,8 мың шаршы метр тұрғын үйлер енгізілсе, 2017 жылдың дәл сондай мерзімінде 240,2 мың шаршы метр пайдалануға берілді», – деп «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Төлеубек Ильясов хабарлады. Екінші жарты жылдықта 150 мың шаршы метр жалпы аумақтағы 12 тұрғын нысандарының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Тұрғын үй, негізгі инвесторы болып табылатын «Бәйтерек девелопмент» АҚ, тұрғын үйлер «Қазақстан құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына беріледі, сонымен қатар, жалға беру арқылы әкімшілікте кезекте тұрғандарға беріледі.

Шерхан МОЛДАХМЕТ

1662 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы