• Өндіріс
  • 17 Тамыз, 2017

Еліміз экономикасына қосар үлесі салмақты

Теңізшевройлдің 2017 жылдың 1-ші жартысында мұнай өндіру көлемі 14,59 миллион тоннаны (116 миллион баррель) құрады және сұйытылған газ сату көлемін 710 мың тонна, табиғи газ сату көлемін 3,73 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 1,27 миллион тоннаға жеткізді.

Компанияның негізгі кен қоры – Теңіз және Королев кеніштерінің алынатын мұнай қоры 750 миллионнан 1,1 миллиард тоннаға дейінгі көлемді (6-9 млрд баррель) құрайды. Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3 млрд тонна (26 млрд баррель), ал Королев кен алаңында 190 млн тонна (1,5 млрд баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді. Теңіз коллекторының шеңбері едәуір, ені 20 (12 миль), ұзындығы 21 шақырымды (13 миль) құрайтын аумақты алып жатыр. 2016 жылы ТШО серіктестері Теңіз мұнай кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыру жөніндегі ақырғы шешімнің қабылданғаны туралы жариялады. ККЖ-ҰЕҚБЖ нысандарының құрылысы барынша тиімділікті арттырып, қаражатты үнемдеу мақсатында бір уақытта орындалып жатыр. ККЖ-ҰЕҚБЖ-да құрылыс және модуль жасау жұмыстарының қызған шағында шамамен 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. ТШО қазақстандық жабдықтаушыларды ККЖ-ҰЕҚБЖ үшін жобалау, сатып алу және модульдерді дайындау қызметтеріне белсенді түрде жұмылдыруда. Қазіргі таңда 1800-ден астам қазақстандық компания алдын-ала іріктеуден өтті. Жобалау мен материалдық-техникалық қамту жұмыстары модульдерді теңіз бетімен 2018 жылы тасымалдауды және Теңіз кен орнында жерүсті нысандардың құрылысын бастауға бағытталып жатыр. ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстан, Оңтүстік Корея және Италияда жасалады. Модульге алдын ала құрастырылғаннан кейін олар соңғы құрастыру үшін Теңіз кен орнына жеткізіледі. Жобаның логистика жөніндегі тобы модуль жеткізу кемелерін (МЖК), жүкті өткізу понтондары мен баржаларды жасау жұмыстарын жоспарланғаннан ертерек атқаруда. Вьетнам мен Румыния елдерінде МЖК құрылысы жүргізілуде. Сәуір айында Вьетнамда модульдерді тасымалдайтын алғашқы кеме, мамыр айында Румынияда Каспий теңізімен модульдерді тасымалдайтын алғашқы «Барыс» кемесі жасалып, кеме жабдықтарын жеткізу басталды. Жүк тасымалдау бағдары аясындағы тереңдету жұмыстары аяқталды. Жүкті түсіру терминалында жағаға жақын жерде жер қазу және бағаналар қағу жұмыстары 100%-ға аяқталды. 2017 жылдың бірінші жартысы бойынша Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің көлемі 4,3 миллиард АҚШ долларынан асты. 2017 жылдың бірінші жартысында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 1 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 384 миллион АҚШ доллары ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды. Осынау табыс тетігі – жоғары білікті, өз ісіне берілген мамандардан құралған еңбек ұжымының қуатты әлеуетінде. Компанияның табысын еселеп, қуатын арттырып отырған еңбек ұжымының сексен пайыздан астамы – қазақстандық мамандар. Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда 84% құрайды. ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 70% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде. Компания қызметінің маңызды бағытының бірі – өңірдің әлеуметтік өміріне атсалысу. Өзі жұмыс жасап отырған өңірдегі халық денсаулығын сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелері компания қызметінің тұрақты назарда болатын бағыттарының бірінен саналады. Осы мақсаттағы жоспарлы жұмыстармен қатар, облыста қолға алынған түрлі бастамалар, жобалар мен іс-шараларға қолдау көрсетіп, белсенділік таныту – Теңізшевройл үшін қалыпты жәйт. 2017 жылдың бірінші жартысы бойынша Қазақстан Республикасына төленген тікелей төлемдердің көлемі 4,3 миллиард АҚШ долларынан асты. 2017 жылдың бірінші жартысында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 1 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 384 миллион АҚШ доллары ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды. Тәуелсіздік алып, өзінің мемлекеттігін құруға кіріскен Қазақстанмен қатар қадам басып, өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын бірге жеңген, қолға алынған экономикалық реформаларға сенімді тірек және ілгері сүйреуші бола білген «Теңізшевройл» компаниясының дағдарысты еңсеруге бағытталған іс-қимыл бағдарламасы аясында еліміз экономикасына қосар үлесі қашандағыдай салмақты болмақ.

Аманкелді ШОПАН

670 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы