• Қаржы
  • 30 Тамыз, 2017

Бірыңғай цифрландыру жобасы

ЕАЭО кеңістігінде  ортақ өлшемдерді қабылдау бәсеке қабілеттілікті арттырады

«Еуразиялық апта» ІІ Халықаралық форумы аясында «ЕАОЭ құрылымын цифрлендіру. «Экономикаға жаңа көзқарас!» атты панелдік сессия өтті. Сессияға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Тигран Саркисян, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ақпарат және байланыс министрліктері өкілдері қатысты. Цифрлік кеңестікте бизнестің жаңа бағдары, электронды сауда алаңдары мен ортақ нарықтар әлеуеті талқыланды. Форумның алғашқы пленарлық отырыснда цифрлендіру үдерісін тілге тиек еткен Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы Тигран Саркисянның бірлесу, ортақ стандарттарды қабылдау мәселесі панельдік сессияда жалғасын тапты. Бірыңғай цифрлендіру біріншіден ортақ нарық, ортақ сауда айналымда тауар, жұмыс, қызмет түрлерінің еш кедергісіз сатылмақ түсуі, кедендік тексерісте, фито-санитралық рұқсатнамаларды алуда кедергілерді жою үшін қажет екенін Еуразиялық экономикалық одақтың Іскелік кеңесі комитетінің төрағасы Владимир Басько, Дүниежүзілік банктің Орта Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчук цифрлендірудің болашақтағы қарқынды дамуы жайында сөз қозғады. «Баршамыз қуатты цифрлік революцияға куә болып отырмыз. Осыдан 20 жыл бұрын мұндайды тіпті елестету қиын еді. Цифрландыру өмірімізді өзгертті, жұмыс, бизнестің бәрі цифрлендіруге бақытталуда, бұл үдерістер уақыт өте келе тездетіледі. Өмір сапасын жақсарту, технологияларды дамытуда цифрлендіру басты ойыншы. Цифрлік технологияларды түсіне отырып Дүниежүзілік банк былтыр цифрлендіру бойынша цифрлік дивидендтер атты баяндама жасаған болатын. Дивиденттердің жалпы экономика дамуында әсері зор. Цифрлендіру технологиялардың дамуы Банкке маңызды. Нормативті құқықтық актілерден бастап, жұмыс процестердің өзі өзгеріске ұшырайды, бейімделу керек. Комиссия мен Дүниежүзілік банк ортақ цифрлендіру мүмкіндіктерін саралаған болатын. Бұл үдеріс жүріп жатыр. Цифрлендіру одақтас мемлекеттер арасында ашықтықты қамтамасыз етіп, шекараларды жояды. Өңір үшін осындай трансформация қажет. Банк та осы үдеріске қатысқысы келеді». Қазақстандағы цифрлендіру үдерістің ахуалын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады. «Мемлекеттің цифрлеуде айтары бар, үдеріс жүріп жатыр. Биыл қыркүйекте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдаймыз. Дүниежүзі Банкіне алғысымды айтқым келеді, баяндама қызықты. Алайда цифрлендіру үдерісін тек қана өңір деңгейінде қарау қателік, оны әлем деңгейінде қарастырған жөн. Форум аясында қандай шешім қабылданбаса да талқылаулар нәтижесі біздің мемлекетке пайдалы болуы керек. Одақ үдерісі Қазақстанның цифрлендіру үдерісін кенжелетпеуі қажет. Цифрлеуде әр мемлекет әр түрлі деңгейде, ешкім ешкімді күтпейді. Қазақстанның өз бағдары бар, жолы бар. Қазақстан халқының 47% ауылдық жерде тұратынын ұмытпаған жөн, дәл қазір инфрақұрылымды құрмасақ, бізге оңай болмайды. Екінші ақпараттық-коммуникациялық мамандарды оқыту, мұғалімдерді оқыту арқылы креативті қоғамды қалыптастыру мақсаты тұр. Үшінші – экономиканың барлық салаларын цифрлендіру, мемлекеттік органдар қызметін цифрлеуді қолға алдық. Осы міндеттерді орындау үшін алдағы уақытта 100 шара жоспарланған, жауаптылар белгіленген. Осы жоспарды жүзеге асыру арқылы Қазақстанның цифрлендірудегі келбеті айтарлықтай өзгереді», – деді министр. Шара барысында Армения, Қырғызстан өкілдері өз мемлекеттеріндегі цифрлендіру үдерісі жайында таныстырылымдар жасады. Цифрлендіру қағасбастылықтан арылтады, саудадағы шекараларды жояды, уақытты үнемдеуге жол ашады, ақша айналымдарының ашықтығын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы бұл артықшылықтарды жақсы біледі, ауқымды жұмыс жоспары бар. Қазақстан Одақ идеясын қолдайды, алайда бірінші кезекте мемлекет ішкі инфрақұрылымды реттеп, жетілдіруді қолға алмақ. Уақыт күттірмейді, ал ЕАЭО жоспары ұзақ мерзімді күрделі процесс. Цифрлік экономика деген не деп сауал тастаған Ресей Федерациясы өкілі Шопин Сава сауалды түсіндіріп көрді: «Қоғамда цифрлік экономика жайында әлі де нақты түсінік жоқ. Ресейде 5 бағыт енгізіліп жатыр. Не өзгереді? Біріншіден не түсінеміз соны енгіземіз. Заңнамаларды өзгерттік, интернет, жасанды интеллектті реттеу, әлі де толық шешімдер жоқ. Енді ескі форматта өмір сүру мүмкін болмайды. Осындай ұлттық ерекшеліктер ЕАЭО шарттарымен келісе ме? Жалпы кім тез өзгеруге ұмтылмаса, сол жеңеді». Ресей банкі өкілі Алиса Мельникова цифрлендіру банк деңгейінде әлде қайда жоғары екенін айтты: «Бүгінде банк қызметтерін ІТ-компаниялары тартып алып жатыр. Банктер бөлек бөлек жұмыс істейді. Халық зардап шегеді. Ресейдегі банк цифрлеу стандартизацияға бағытталған. Цифрлеуде бірыңғай стандарт болғаны жақсы». Шара барысында цифрлендірудің бір бағыты ретінде электронды сауда аландары, олардың әлеуеті жайында талқылаулар өтті. Жалпы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің цифрлендіру үдерісі бірыңғай стандарттарға негізделе ме әлі де ашқы күйде қалған мәселе. Стандарттар, осы бағыттағы үдеріс ахуалы уақыт еншісінде.

Шерхан МОЛДАХМЕТ

2333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы