• Қаржы
  • 06 Қыркүйек, 2017

Жаңа «ЕТС-Тендер» сауда алаңының алғашқы нәтижелері

«ЕТС-Тендер» Электрондық сауда алаңы (www.ets-tender.kz) 2017 жылдың 27 шілдесінде Қазақстанда өз жұмысын бастаған болатын. «ЕТС-Тендер» – қазақстандық ЕТС Тобының және ресейлік корпоративтік электрондық сатып алу нарығындағы көшбасшы компания – B2B-Center-дің бірлескен жобасы. Жоба жетекшілері алаңның алғашқы жұмыс айындағы нәтижелері жөнінде әңгімелеп берді.

Жүйенің алғашқы күнінен бастап сусындар мен азық-түлік өнімдерінің, медициналық заттардың, телекоммуникациялық және электр жабдығының өндірушілері, банк және құрылыс саласындағы компаниялар және тағы да басқа Қазақстандағы ірі сатып алушылар «ЕТС-Тендер» алаңында жұмыс жүргізуге кірісті. Алаңда жалпы сомасы 300 млн. теңгеден астам сатып алу рәсімдері жарияланды. Қазірдің өзінде жүйеде Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина сынды төрт елден 600-ден аса жеткізуші мен тапсырыс беруші тіркеліп үлгерген. «Қысқа мерзім ішінде осындай көрсеткішке жету жаңа жоба үшін өте жақсы нәтиже. Өз жұмысында тиімділіктің жаңа деңгейіне шығуға ұмтылатын коммерциялық тапсырыс берушілер «ЕТС-Тендерге» үлкен қызығушылық байқатуда», – деп атап өтті B2B-Center коммерциялық директоры Андрей Бойко. – Біз «ЕТС-Тендер» корпоративтік сатып алу және сату саласындағы Қазақстандағы жетекші алаңға айналады деп көздеп отырмыз. Өйткені бұл алаң компанияларға үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге, бизнес-үрдістерді жетілдіруге жағдай жасап отыр». Осы орайда ЕТС тауар биржасының басқарма төрағасы Құрмет Оразаев былай деп атап өтті: «Үкімет Қазақстанды цифрландыру жүйесіне ауыстыруға бағыт алып отыр, өйткені бұл экономиканың тиімділігін арттырады. Біздің электрондық алаң қазақстандық компаниялардың күнделікті қолданатын бизнес-құралына айналады деп үміттенеміз және де ЕТС Тобының жалпы базасындағы басты жеткізушілер мен сатып алушылардың барлығы «ЕТС-Тендер» жүйесіне тартылады деп көздейміз. Қазіргі таңда Топтың базасында 6300-ден аса белсенді компания тіркелген». «ЕТС-Тендер» платформасында бағаны төмендетуге арналған дәстүрлі аукциондардан бастап, көптеген өлшемдер бойынша өткізілетін сатып алу рәсімдеріне дейінгі корпоративтік сатып алулардың барлық түрлерін өткізуге мүмкіндік берілген, сондай-ақ, тауарлар, атқарылатын жұмыстар мен қызметтерді автоматтандыруға болады. Жеткізушілер мен сатып алушылар базасына ортақтаса қол жеткізу арқасында «ЕТС-Тендерге» қатысушы қазақстандық компаниялар алаңның ресейлік серіктесі – В2В-Сenter арқылы тікелей ресейлік және жаһандық нарықтарға шыға алады. Үстіміздегі жылдың соңына дейін отандық жеткізушілерді және Еуразиялық Одаққа мүше елдердің жеткізушілерін тарта отырып, 250-ден аса сатып алу рәсімін өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «ЕТС-Тендер» қазақстандық жеткізушілер мен тапсырыс берушілерге үздіксіз оқыту іс-шараларын өткізуде. Қазірдің өзінде компанияның семинарлары мен вебинарларына Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Өскемен, Семей, Рудныйдағы 200-ден аса ұйым қатысып үлгерді. Сондай-ақ, вебинарларға Киев, Мәскеу, Самара, Магнитогорск сынды ресейлік және украиналық компаниялардың менеджерлері қатысты. B2B-Center – корпоративтік сатып алуларға арналған Ресейдегі ең ірі электрондық сауда алаңы. Сауда және сатып алу қызметін тиімді басқаруға арналған бұлттық сервисті Ресейде тұңғыш болып жасап шығарған аталмыш компания 2017 жылы 15 жылдық мерейтойын атап өтпек. Осы уақыт ішінде алаңда жалпы сомасы 13,9 трлн. рубльден асатын 845 мыңнан аса сауда рәсімі жүзеге асырылды. Бүгінгі күні әлемнің 100-ден аса еліндегі 326 000-нан астам компания жүйеге қатысуда. B2B-Center жүйесінде «ИНТЕР РАО» ЖАҚ, «Росатом» МК, «АВТОВАЗ» АҚ, «НПК «Уралвагонзавод» АҚ, «Россети» ЖАҚ, «Мечел» ЖАҚ, «Объединённая авиастроительная корпорация» ЖАҚ, «РусГидро» ЖАҚ, «Силовые машины» ЖАҚ, «Зарубежнефть» АҚ, «КАМАЗ» ЖАҚ, Группа ГАЗ, «УАЗ» ЖШҚ, «ЧТПЗ» ЖАҚ, «Кордиант» АҚ, «Т Плюс» ЖАҚ, «МегаФон» ЖАҚ, «ВымпелКом» ЖАҚ, Tele2, «Мираторг» сынды тағы да басқа ең ірі ресейлік компаниялар тауар-қызметтерді сатып алуда. «ЕТС» тауар биржасы 2008 жылы құрылды. Алғашқы сауда 2009 жылдың наурызында жасалды. «ЕТС» тауар биржасы биржалық тауарларды споттық тәсілмен саудалауға бағытталған. Сауда-саттыққа қатысушылар –өнімнің түпкі тұтынушылары, қазақстандық және халықаралық брокерлер. Биржа ішкі және сыртқы сауда саласындағы мемлекеттік реттеу тетігін жетілдіру, сауда-саттық операцияларының айқындылығын арттыру, делдалдарды араға салмастан ұйымдасқан көтерме сауда нарығын дамытуға бағытталған. Биржада споттық сауда-саттықпен айналысатын төрт секция жұмыс жасайды: ауылшаруашылық өнімдері, мұнай өнімдері, металл және өнеркәсіптік тауарлар, мамандандырылған тауарлар. «ЕТС» тауар биржасының капиталдану көлемі 1 млрд. 718 млн. теңгені құрайды.

Шерхан МОЛДАХМЕТ

762 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы